TARAZ 24 ONLINEГлавная страницаНовостиОбщество

АЛАЯҚТАР ҚҰРБАНЫ КӨБЕЙГЕН

Елімізде интернет-алаяқтықтар құрбандарының саны артып отыр, – деп хабарлайды taraz24news.kz. Былтырғы жылдығ өзінде он екі мыңға жуық дерегі тіркелген. Келтірілген шығын көлемі 7 млдрд теңгеге жеткен. Статистикаға сүйенсек, ресми дерек бойынша 30 мыңнан астам қазақстандық алаяқтардың құрығына түсіп, борышкерлер тізімін көбейткен.
Банктер атын жамылып, әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды сан соқтырған алаяқтар көбейген. Қоғамда резонанс тудырған қаржы пирамидасына қатысты оқиғалар да жиіледі. Мұндай әккі қылмыскерлер шырмауына түскіңіз келмесе кез келген құжатты, келісімшартты мұқият оқып шығыңыз.
Дәурен ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ, ЖО ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
– Кредит алған кезде, немесе қаржы ұйымдарына салым салған кезде, немесе басқа да бір банк қызметтеріне жүгінген кезде өз құқығын білуі керек, қаржылық білімі болуы керек.
Еске сала кетсек, Астанада 20 млн теңгесін қайтара алмай өзін өртеп жіберген келіншек көптің есінде болар. Шарасыз күйге түскен азаматтың күйін кешпес ұшңн сарапшылар лицензиясы бар белгілі бір ұйымға немесе банкке ғана сену қажет дейді.
Дәурен ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ, ЖО ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
– Микрокредит беру туралы заң бар, заң аясында микрокредит сол азаматтарға беретін шектеулер қойылған, пайыздық болсын, міндеттемелік. Оларды заң аясында бақылайтын өкілеттер бар. Қазіргі таңда қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясынсыз ешқандай заңды тұлғамен микрокредиттер берілмейді.
Азаматтарға құлаққағыс! Қаржылық пирамиданың шырмауына түсіп қалмау үшін төменде аталған белгілерді есте сақтағаныңыз жөн.
ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ:
Нарықтық деңгейден бірнеше есе асатын жоғары кіріске кепілдік беру
Берілген клиенттер үшін сыйақы беру
Қажетті лицензиялардың болмауы
Кіру жарнасының болуы
Меншікті негізгі құралдардың, басқа да қымбат активтердің болмауы
Сақтықта қорлық жоқ. Сондықтан қаржылық сауаттылығыңызды арттырып, өзіңіздің талап-тілегіңізге микрокредиттер мен түрлі ұсыныстар кезінде көз жеткізіп алғаныңыз дұрыс.
Арунай Нұрлан, taraz24news.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *