№59 МЕКЕМЕДЕ СОТТАЛҒАН АЗАМАТҚА ЖЕКЕ БАСЫН КУӘЛАНДЫРАТЫН ҚҰЖАТ РӘСІМДЕЛДІ
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекеменің қызметкерлері жеке басын куәландыратын құжаты болмаған сотталған азаматқа азаматтығы жоқ адамның куәлігін рәсімдеуге көмектесті, — деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық порталы.
Мекеменің арнайы есеп бөлімінің мамандары азаматтың жеке басын анықтап, қажетті құжаттарды жинау үшін ұзақ уақыт бойы жұмыс жүргізген. Осы мақсатта тиісті мекемелермен байланыс орнатылып, құжат рәсімдеуге қажетті мәліметтер жиналды.
Нәтижесінде сотталған азаматқа жеке басын куәландыратын азаматтығы жоқ адамның куәлігі берілді.
Мұндай жұмыстар азаматтардың құқықтық мәртебесін анықтап, жеке басын растайтын құжатпен қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар бұл қадам олардың қоғамға қайта бейімделуіне де мүмкіндік береді.

