BASTY BETЭкономика

НЕСИЕ АЛУҒА АСЫҚПАҢЫЗ!

 

Жыл санап қарызға батқан қазақстандықтардың саны артып барады. Әсіресе несие алатындар қатары өсуде. Қазір «Баспана, көлік пен тұрмысқа қажетті техникалардың барлығы несиеге рәсімделеді. Ал экономист мамандар тұтынушылық несиелерді алуға кеңес бермейді. Өйткені пайыздық мөлшерлемесі тым жоғары. Алайда, халық қаржылық қиындық туындаса бірден банкке баруға асығады. Жалпы, несие аларда азаматтар нені ескеруі қажет? Банктен қандай жеңілдіктер алуға болады? Бүгін осы сауалдарға жауап іздейтін боламыз.

Несие алуға барған азаматтар алдымен пайыздық мөлшерлемесіне назар аударады.  Қай банкте төмен соған асығады. Алайда, пайыздың өзіне бей-жай қарамаған абзал. Себебі оның да екі түрі бар. Бірі атаулы, бірі жылдық пайыздық мөлшерлеме.  Экономист Мақсат Халық бұл мынадай пікірде: «Жылдық пайыздық мөлшерлемеде барлығы түгел көрсетілген. Онда қосымша комиссиялар да анық есептеледі. Сондықтан да осыған мән беру керек. Біз көбіне жарнамалар мен билбордтардан «15-16 пайызбен несие береміз» деген атаулы пайыздық мөлшерлемені көреміз де солай ойлап қаламыз. Ал шын мәніде ол жылдық пайыздық мөлшерлемеден әлдеқайда аз. Сол себепті жылдық пайызы қанша деп сұрау керек?» 

Мамандар кеңесі кредитті рәсімдегенде бүге-шүгесіне банк қызметкерінен сұрау керек.  Қолыңызға берілген келісім шартын мұқият оқу.  Тіпті, банк тарапынан арнайы   берілуі мүмкін жеңілдіктер туралы да сұрату маңызды. Мәселен, сақтандыру туралы бірі білсе бірі білмейді. Қарапайым тілде түсіндірсек. 1 млн 500 мың теңгеге несиеге өтініш берілсе, тұтынушы қолына 1 млн 300 мың теңгесін алады. Яғни сол бірреттік төлем оны сақтандырады.

Адамдар жас-кәрі демей өмірден өтіп жатыр. Ал бұл қарыз алушының өзіне жақсы. Егер де қарызын толық өтемей жатып, 12 ай ішінде клиент өмірден өтіп кетсе страховка қарызды жауып тастайды. Яғни кейін туыстарының алдынан шықпайды, мазаламайд,  – дейді ЖО Заң консультанттары палатасының мүшесі Нұрила Әмірова

Айта кету керек, кез келген банк жылдық пайыздық мөлшерлемесін 56%-ға дейін көтеруге құқылы. Тіпті несие алғанда қаржы менеджері   40% немесе 50%-бен несие рәсімдеп қоюы мүмкін. Ал оны білмеуіңіз де ықтимал. Сондықтан да банк қызметкерінен «жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеме қанша?» деп сұрау міндетті. Ол сіздің белгілі бір дәрежеде қаржылық сауатты екендігіңізді білдіреді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *