JAŃALYQTAR

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ИНФЛЯЦИЯСЫ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21,7% ҚҰРАДЫ

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 204-4 бабына сәйкес сауда үстемесін белгілеуде заң талаптарын қайта бұзғаны үшін 5 сауда нүктесіне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып, барлығы 29 дүкенге хаттамалық ескерту берілді. Қосымша 7 дүкенге айыппұл салу бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте сауда үстемесін көтермеу туралы 199 тауар өндірушілермен, 490 сауда дүкендерімен меморандум жасалды.

155 ірі сауда дүкеніне делдалсыз 3,0 мың тоннаға жуық 9 тауар (ұн, тауық еті, сүзбе, тұздалмаған сары май, рожки, жұмыртқа, тұз, қант және айран) түрі бойынша тікелей жеткізу ұйымдастырылды.

244 ірі сауда желілерімен 11,0 мың тн көлемінде 10 (ұн, тауық еті, ет, тұздалмаған сары май, рожки, сүт,  пияз, картоп, қырыққабат және сәбіз) тауар түрі бойынша күзгі форвардтық келісім жасалды.

32 әлеуметтік павильон қызмет көрсетуде.

532 жәрмеңке өткізілді. 17,0 мың тонна арзандатылған ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды.

«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясының» 1-сортты бидайының ұны 130 теңгеден наубайханаларға өткерілуде.

Ұнның қымбаттау себебінен нан бағасы 90 теңгеден 100 теңгеге өсті.

Статистикаға сәйкес ұн бағасы 24,8%-ға өскенмен өңірлер арасында 12-орында және орташа Республика бағасынан 11,2%-ға төмен.

 

Бүгінде нарықтағы 1-сортты бидай ұнының орташа  бағасы 200-210 теңге/кг арасында.

1-сортты бидай ұнынан жасалынған нан  бағасы 165 теңге/кг құрап, басқа өңірлер арасында 17-орында және орташа Республика бағасынан 14,5%-ға төмен. Жыл басынан бері 11,5%-ға өскен.

 

Жыл басынан «Азық-түлік келісім шарт корпорациясынан» 15590 тонна бидай алынды.

Одан 10913 тн 1-ші сұрыпты ұн өндірілді;

Оның ішінде 9857 ұнды 130 теңгемен Тараз қаласы және аудан наубайханаларына сатылды (мамыр айында 1205 тонна, маусым айында 1071 тонна, шілде айында 2136 тонна, тамыз айында 2110 тонна, қыркүйек айында 1939 тонна, қазан айында 1396 тонна, қараша айында  670 тонна ұн берілді).

 

Қалған 386 тн ұн аудандардың наубайханаларына бөлінуде.

Бүгінде тұрақтандыру қорында 1700 тн ұн бар.

Қосымша 1300 тн ұнға келісім-шарт жасалды.

 

Бізге қанттың бір айлық қажеттілігі  1800 тн (оның ішінде, 1600 тонна облыс халқының қажеттілігі және 200 тонна кәсіпорындардың қажеттілігі. Қазір құмшекердің қоры 3,0 мың тоннадан астам қоры бар. (Қант зауытында 1500 тн, тұрақтандыру қорында – 1000,0 тн, қоймаларда – 159,8 тн, айналым схемасы шеңберіндегі келісім-шарт – 222,2 тн, сауда объектілерінде – 110,2 тн).

Сауда желілеріндегі қанттың орташа бағасы
490 теңге және әлеуметтік дүкендерде 485 теңге.

Ветеринариялық іс-шараларға 1,94 млрд. теңге бөлінді.

Малдың саны 4,4 млн. басты құрады Бұл республикадағы екінші көрсеткіш (Түркістан облысынан кейін).

 

Мемлекеттік тапсырыспен малдың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар шеңберінде 20,7 млн. вакцинациялау және 5,6 млн. диагностикалық  жұмыстар жүргізілді. Бруцеллез ауруына шалдыққан 406 бас ауыл шаруашылығы жануарлары қолданыстағы санитариялық талаптарға сай сойылып, қайта өңдеуге жіберілді.  Жалпы ауруға шалдығу былтырғы жылмен салыстырғанда 34,0 пайызға төмен (былтырғы жылы 1197 бас).

 

Ветеринариялық іс-шаралар нәтижесінде 5 ауру түрінен 10 ошақ (құтыру -2, энтеротоксемия – 4, қарасан – 1, сібір жарасы – 2, пастереллез – 1)  анықталды. Оларда ветеринариялық талаптарға сай карантин және шектеу қабылданды. Сауықтыру жүргізілді.

Қазір эпизоотиялық ахуал тұрақты және қатаң бақылауда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *