JAŃALYQTAR

683 МЫҢ ГА ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР ЖЕТІСПЕЙДІ

Жайылым жерлердің пайдаланылуын зерделеу барысында 683 мың га жайылым жер жетіспейтіндігі анықталды.

Жер кодексіне (36-бабы) сәйкес ауылдық округ теңгеріміне босалқы жерлер санатындағы 170,0 мың га жерді беру жұмыстары жүргізілуде.

Ортақ жайылым жерлердің пайдалануға беріліп кеткен бөлігі елді мекендерге қайтарылып келеді.

Орман қорындағы 1,0 млн. га жайылым уақытша пайдалануға берілді.

Игерілмеген және заң талаптарын бұзып пайдаланған 153,0 мың га жайылым мемлекеттік жер қорына қайтарылды.

Жер қорында 8,1 млн. гектар жайылым жер бар.  Оның 3,6 млн.га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде, 570,7 мың га елді мекендер жерінде, 1,7 млн. га орман қорында 1,0 млн. га босалқы жер қорында орналасқан.

Өңірде барлығы 4,3 млн. мал басы (оның ішінде МІҚ – 527,4 мың, ұсақ мал – 3620 мың, жылқы – 164 мың, 8,5 мың түйе) тіркелген. Тіркелген мал басын шартты басқа айналдырғанда әр басқа 8 га жайылым тиесілі болып шығады.

 

Мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 4,4 млн. га. Орман ағаштары көмкерген жерлері  2,3 млн. га. Орман қоры жерлері облыс аумағының 30,8% алып жатыр.

Мемлекет басшысының елдегі барлық өңірлеріне
2 млрд. ағаш отырғызу жөнінде тапсырмасы бар.  2021-2025 жылдары 140 млн. түп ағашты мемлекеттік орман қорына отырғызу жоспарланған. Осыған орай ормандарды молықтыру және молайту туралы кешенді жоспар жасалды.

Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы алдағы 5-6 жылда 8,0 мың тоннаға дейін балық өндіру күтілуде. Биыл 483,0 тн балық өндірілді. Балық шаруашылығын субсидиялауға 78,0 млн. теңге бөлінді. Табиғат пайдаланушылармен өзендер мен көлдерден бөлінген квота шеңберінде 1,0 мың тн балық ауланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *