АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ: ЖАМБЫЛДАҒЫ ЖАҒДАЙ
Биыл 1,7 мың тонна ет экспортталды (жоспар — 3000 тонна). 2021 жылы
4,9 мың тонна ет экспортталды. 2022 жылы құны 17,9 млрд. теңгені құрайтын
14 инвестициялық жобаны жүзеге асырып, 281 жұмыс орнын құру көзделуде. Осы салаға 14,8 млрд. теңгеге 10 инвестициялық жоба іске қосылып, 179 адам жұмыспен қамтылды.
2023 жылы 99,5 млрд. теңгеге 10 жоба, 733 жұмыс орнын құру.
2024 жылы 203,6 млрд. теңгеге 6 жоба, 1661 жұмыс орны
2025 жылы 2,2 млрд. теңгеге 2 жоба, 58 жұмыс орны.
5,5 мың гектар қант қызылшасы егіліп, (оның ішінде қант қызылшасы астындағы су үнемдеу технологиялары жаңбырлатып суару алаңында – 1200 га және тамшылатып суару алаңында – 1850 га енгізілді), оның 4,5 мың гектарынан 187,2 мың тонна қант қызылшасы жиналды.
(117,2 мың тн қант зауытына өткізілді, 11,0 мың тн қант алынды. Меркі -106,0 мың тн, Тараз-151,0 мың тн өндірді)
Жиналған өнімнен 18 мың тоннаға жуық таза қант өндіру көзделуде (орташа өнімділік 340,7 ц/га).
Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулардың нәтижесінде алдағы жылы қант қызылшасы алқабын 10 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Суармалы алқаптарды қалпына келтірудің жол картасы әзірленді. Облыстың суармалы жерлерінің көлемі 179,2 мың гектарды құрайды. Оның 55,2 мың гектары тиісті нормативтерге сәйкес сумен қамтамасыз етілсе, 47 мың гектар алқап 30-40 пайыз деңгейде қамтылған (қалған 77 мың га тәліми алқап ретінде пайдаланылуда).
Халықаралық қаржы институттары («Еуропа қайта құру және даму банкі» мен «Халықаралық қайта құру және даму банкінен») арқылы
35,0 млрд. теңге қаржы бөлініп (13,9 млрд. теңге игерілді), 25,0 мың гектар суармалы алқап қалпына келтірілді (жоспар 69,1 мың гектар). 2022-2024 жылдары 306 су нысанына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 55,0 мың гектар алқапты айналымға қосу көзделген (о.і. 183 каналды ПУИД-3 бағдарламасына енгізу арқылы қайта жаңғырту көзделуде).
Келесі жылдың өнімі үшін күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 10725 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді (202-213 теңге, нарықта лимит 230 (100 л тәулігіне) теңге, лимиттен асып кетсе 450 теңге).
«Ауыл аманаты» деген атпен таратылып отырған оң тәжірибе бойынша 2025 жылға дейін барлық ауыл тұрғындарын (139 ауылдық округтің 695 мың тұрғыны және 109 777 аула) қамти отырып, пилоттық жобаны одан әрі жалғасуда. Ол үшін 75,5 млрд. теңге бөлу қажет етіледі. 87,0 мыңнан астам жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,4% -ға артық. Оларда жұмыспен қамтылғандар 130,0 мыңнан асты.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 311,3 млрд. теңгенің өнімін (жұмыс, қызмет) өндірді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 113,4 %-ды құрады. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 69,0 млрд. теңгеге 188 жоба қаржыландырылды.