ЖҮЗ БЕС ЖОБАНЫҢ 59 ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Аймақта ауыл шаруашылығы саласында «Жамбыл облысын дамытудың жол картасы» аясында 2025 жылға дейін жалпы құны 73,7 млрд. теңгені құрайтын 716 инвестициялық кіші жобалар жүзеге асырылады.
Осының аясында биылғы жылы облыста жалпы құны 5,0 млрд. теңгені құрайтын 105 кіші жобаны іске қосу жоспарланған. Бүгінгі күні оның 59 жобасы жүзеге асырылып, 209 жаңа жұмыс орны құрылды. Іске қосылған жобалардың негізгі бағыттары су үнемдеу технологияларын енгізу, сүт өнімдерін өңдеу, көкөніс сақтау қоймалары, бордақылау алаңдары, құс, балық және бал ара шаруашылықтары, жылыжай кешендерін салу болып табылады.