JAŃALYQTAR

ЖАҢА ЖОЛ САЛЫНБАҚ

Төрт мыңға жуық түтін түтетіп отырған байзақтықтар бөркін аспанға лақтырмақ. Себебі, аңсап күткен жол салынбақ. Құрылысқа қазір «Рауан» мердігер компаниясы тартылған. 10 техника 40 жұмысшы жұмылдырыпты. Көптің айтуынша, жұмыстың 70 пайызы аяқталған. Жуырда ел игілігене берілетінін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жарқынбек Шоғалов та растап отыр.

Жарқынбек ШОҒАЛОВ БАЫЗАҚ АУДАНЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Аудан бойынша «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 1 млрд 71 мын қаржы бөлініп, қолдау көрсетілген. Оған енді мынау Сарыкемер, Ботамойнақ, Мырзатай, Сенкібай, Дихан2, Абай, Көктал жалпы 6 ауылдық округте орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, осы жылдың аяғына дейін толыққанды аяқталады.

Ендігі ел тілегі орындалды деген осы болса керек. Дәл осындай қарбаласауданға қарасты Дихан ауылында да жүргізілуде. Мүлде тегісжолды көрмеген дихандықтар 42 жылдан соң қолға алынған тірлікке ризашылықтарын білдіруде. Ең бастысы, олар балаларымыз шалшық су кешпей, көліктеріміз шұңқырға түспей зымырайтын болдық.

Байзақ ауданында 56 шақырымды құрайтын, 53 көшеде күрделі жөндеу жұмыстары  жүріп жатыр. Жалпы бюджеттен 1 млр-қа жуық қаржы бөлінген. «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасы аясында мұнда тағ  6 ауыл жолы жаңармақ. Соның нәтижесінде жыл соңына дейін маңызы бар автокөлік жолдарының жақсы болуы  96, ауыл ішілік жолдардың жағдайын 93 пайызға жеткізу тиіс. Осы тізімде ауданның маңызды 17 жолы да қамтылады деп, күтілуде.

Бұл аудандағы ілкімді істердің бір ғана парасы. Себебі, өңірде автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 10 038 шақырымды құрайды. Биыл жолдарды жаңғыртуға 16,2 млрд теңге қарастырылған (оның ішінде 8,3 млрд теңгесі республикалық бюджеттен). Жол жөндеу бойынша барлығы 252 жоба жоспарланған, олар «Нұрлы жол», «Ауыл – Ел бесігі», «Өңірлерді дамыту-2025» мемлекеттік бағдарламалары және жергілікті бюджеттер шеңберінде жүзеге аспақ. Сондайа- ақ 1,2 млрд.теңгесі 2021 жылдан өтпелі 7 орта жөндеу нысандарын /54,3 шқ/ аяқтауға бағытталса, 2,6 млрд.теңгеге жаңа 7 нысанда 95 шқ. облыстық маңызы бар жолдарды орта жөндеу, 650,0 млн.теңгеге жолдарды күтіп ұстау және әзірлеу жұмыстары атқарылатын болады. Сондай-ақ, 50,0 млн.теңге «Жол активтерінің Сапа орталығы»-ның зертханалық сараптамаларына жұмсалмақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *