«TARAZ24» ТЕЛЕАРНАСЫНА – 5 ЖЫЛ
Аймақтық ақпарат кеңістігінде тәулік бойы хабар тарататын «TARAZ24» телеарнасының құрылғанына бес жыл толды – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.
Осы уақыт ішінде арна бірқатар кәсіби жетістікке қол жеткізді. «Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауында үздік төрттіктің қатарына еніп, республикадағы ең үздік төрт аймақтық телеарнаның бірі атанды.
Сондай-ақ «ASTANAMEDIAWEEK» алаңына «Үздік кейс» ретінде шақырылды. 2025 жылы аталған медиаапта аясында республикалық телеарналармен қатар контент-маркет ұсыну мүмкіндігі жекеменшік арналардың ішінде тек «TARAZ24»-ке берілді.
Телеарна телевизия саласында алғашқылардың бірі болып жасанды интеллект технологиясын қолданысқа енгізді.
Арна директоры Зарина Қуатова «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
«TARAZ24» телеарнасы 2021 жылғы 12 ақпанда құрылды. Ал оның негізі 2019 жылы ақпараттық портал ретінде қаланған.
Бүгінде арна кәсіби медиамамандарды қалыптастыратын, тәжірибе мен жаңашылдық ұштасқан шығармашылық орта ретінде жұмысын жалғастырып келеді.

