JAŃALYQTAR

ЖҮРЕГІҢІЗДІ СМАРТФОННАН БАҚЫЛАҢЫЗ!

Тараздағы «Жүрек» клиникасы  жыл сайын жүрек ритмі бұзылған 400-ге жуық науқасқа операция жасайды. Бірақ, арнайы баға бекітлген. Енді бұл медициналық көмек қолжетімді болмақ. Пациенттерге жүрек импланты тегін болу үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша  дефибрилляторларды сатып алынбақ.. Ал, бүгін дәл осы құрылғыны орнату үшін Орталық Азиядағы алғашқы ота Тараз қаласында жасалды.

Ақкенже АСАНҚЫЗЫ – ТІЛШІ

Қазақстанда алғаш рет Abbott компаниясы шығарған CRT-D дефибрилляторы, нақтысы жүрек ритмының жұмысы бұзылған пациенттерге ота жасалуда. Айта кетейік, операция әлемдік деңгейдегі ең жаңа жабдықта жасалуда. Отаға шетелдік білікті мамандар мен Қазақстанның жоғарғы дәрежелі кардиохирургия мамандары қатысуда.///

Горан МИЛАШИНОВИЧ    БЕЛГРАД МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ

Бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орта Азиядағы өте үлкен медициналық іс-шара болмақ.  Яғни,  Қазақстандағы электрофизиология мен аритмология саласы жылдам қарқынмен дамып келе жатыр. Әсіресе, Тараздағы медициналық орталықтың жүрекке қатысты жаңа технологияны енгізіп отырғанына қуанып тұрмын. Себебі, бұл пациенттердің өміріне деген жаңа мүмкіндік болмақ.

CRT – D-бұл баяу немесе жылдам пульсті ғана емес, сонымен қатар прогрессивті жүрек жеткіліксіздігін реттейтін арнайы дефибриллятор. Яғни, бұл аппарат жүректі қайта синхрондау терапиясын жүргізеді. Және өмірге қауіп төнген жағдайда жүрек тахиаритмиясының орнын толтырады. CRT-D дефибрилляторы жүректің жұмыс өнімділігін айтарлықтай арттыруға және өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «кіріктірілген реаниматология» қауіпті жүрек аритмиясы байқалған жағдайда өмірді сақтап қалуға көмектеседі.

Елнұр САУРАНБАЕВ ИНТЕРВЕНЦИЯЛЫҚ КАРДИОЛОГ-АРИТМОЛОГ

Жүрек қатты тарсылдап кеткен кезде, яғни қарыншалардың тахикардиясы кезінде, жүректің өмірге өте қауіпті сәттерінде қолданылады. Және шұғыл көмек қажет кезде осы функциялар автоматты түрде іске іске асырылады.

Бұл құрылғының басты ерекшелігі – аппараттың жұмыс барысы мен жүрек ритмін смартфоннан қашықтықтан бақылауға болады. Нақтысы, құрылғы орнатылған пациентке жүректің жұмысын жиі қадағалауға мүмкіндік береді. Демек, кенеттен туатын жүрек өлімінің қаупін азайтады.

Тимур АШИРОВ    «АРИТМОЛОГИЯЛЫҚ КЛИНИКА» ЖШС ИНТЕРВЕНЦИЯЛЫҚ КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ АРИТМОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Біз мұнымен шектелмейміз. Жақында ғана белгілі бір білім орталығымен меморандумға отырдық. Енді аритмологияны ел студенттеріне үйретіп қана қоймай, бүкіл Орта Азияның бастауыш дәрігерлеріне осы саланы меңгеруге мүмкіндік береміз.  Яғни, Қазақстан – медицина дамуының орталығы болады.

Айта кетейік, аритмологиялық клиника жақында жаңа орталық ашады. Құрылысы, бітіп те қойған жаңа клиниканың ашылу салтанаты ақпан немесе наурыз айларында болады, деді жауаптылар. 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *