АУЫЛДАРДАҒЫ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ 2025 ЖЫЛЫ ШЕШІЛМЕК
«Ауыл – ел бесігі» жобасының көздегені мақсаты – он миллионға жуық ауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсарту, ондағы әлеуметтік салаларды дамыту, тұрғын үйлер мен жолдар салып, инфрақұрылымдарды жүргізу арқылы ауылдардың преспективасын арттыру болып табылады.
Жамбыл облысы бойынша 371 елді мекенде 1 150,1 халық бар. Оның ішінде төрт қалада 460,3 мың, 367 ауылдық елді мекенде 689,8 мың тұрғын мекендеген. Бүгінде облыстағы ауылдық елді мекендердің 269-ы (622 мың тұрғыны) орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Өткен жылдың қорытындысын саралай келсек, көрсеткіш қалаларда 91 пайызды, ауылдық елді мекенде 88 пайызға жеткен. Биылғы жоспар аясында орталықтандырылған су жүйесі іске қосылған, 69 елді мекеннің 33-не құбыр тарту құрылыс жұмыстары басталып, бүгінде қарқынды жұмыстар атқарылуда. Межелеген жоспар ойдағыдай іске асса, жыл соңына дейін жамбылдағы 25 ауылдағы ағайынға су беріледі деген сенім бар. Қалған 8 ауылдағы аталған жұмыстар 2023 жылдың еншісіне өтпелі. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы жүйел жұмыстар болашақта да өз деңгейінде, кезең-кезеңімен орындалатынын айтып, алдағы бір-екі жылдағы жоспармен бөлісті.
Құдайберген ҚОРҒАНБАЕВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Қазір үйде суың ағып, қыс келгенде от жақпай, әурелеңге салынбай жүруді бәрі қалайды. Әсіресе, дәл қазіргідей өркениетті кезеңде біз бұл жұмыстарды шетке ығыстырып қоя алмаймыз. Қайта сәкесінше, халықтың әлеуетін арттыру бағытындағы жобаларды қаржыландыру көзін үнемі қарастырып, толықтырып отырамыз. Оның үстіне үлкен жоспарымыз бар. Аймақта бірнеше жылдан бері халық тарапынан көтерліп келе жатқан су, газы жоқ ауылдардағы мәселені түбегейлі шешуді алдағы үш жылда жоюямыз деп, отырмыз. Ендеше, сөзден нақты іске тоқталсам, 2024 жылға 15 жоба, 2025 жылға 21 жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. Бұл тек ауызсу мәселесі бойынша.
Бұл ретте қала маңындағы алқаптар алдағы төрт жылда кезең-кезеңімен сумен қамтылатынын айта кеткен жөн. Бұдан бөлек сонау кеңес кезеңінен келе атқан құбырларды модернизациялау, су жүйелерін жаңғырту, кәріз тазарту имараттарын қалпына келтурі жәйі де өзекті болып тұр. Бұл проблемаларды қарастыру әсіресе аймақтағы қалаларда қажет. Өйткені, қыс қаһарына мінгенде құбырлардың жарылуы, істен шығуы орын алып жатады. Оған басты себеп – жоғарыда атап өткендей құбырлардың тым ескіруі болып табылады. Ал, суды тазартудың блок-модульдері 31 елді мекеннің бесеуіне осы жылы қаржы қарастырылды. Қалған 26 елді мекенде 2023-2025 жылдары орнатылу керек.
Жүз пайызға жеткізу мақсатында биыл Көктөбе, Көкқайнарда жұмыстар басталды. Сауытбек ауылына құбырлар тарту 2023 жылға өтпелі. Сонымен қатар Еңбекші, Ақтөбе, Шу қаласының Қант зауыты м.а ауыз су жүйелерін салу жұмыстары мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланып, мердігер анықталуда. Төле би ауылының солтүстік аймағына ауыз су жүйелерінің жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім берілді. Қалған Еңбек, Жиембет, Жайсан және Тасөткел су қоймасы ауылдарына ауыз су жүйелерінің жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға аудандық бюджеттен 32 млн теңге қаражат қаралып, бүгінгі күнге жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда.