BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kzАймақ

Е.ҚАРАШӨКЕЕВ: «ЖАСТАР ӨҢІРДЕ ҚАЛУЫ КЕРЕК»

«Облыс жастары өз өңірімізде жұмыс істеуі керек. Ол үшін барлық жағдай жасалады». Аймақ жастарымен кездесуде облыс әкімі Ербол Қарашөкеев осылай деді. Еркін форматта өткен жиынға 50-ден астам белсенді, еріктілер мен жастар ұйымдарының басшылары қатысты.

Жастармен жүздескен облыс әкімі жиынның басында ақ өңірге қатысты бірқатар мәселені ортаға салды. Олардың жұмысқа орналаса алмауы, сыбайлас жемқорлық, туризм мен веложолдың жоқтығын да облыс әкімі баса айтты. соның ішінде жақын арада электромобильдердің ең қолайлы инфрақұрылымы бойынша облысымыз көшбасына шыға алады дейді Ербол Шырақбайұлы.

– Электромобильдарға инфрақұрылымы бар қолайлы қала қылып жасауға мүмкіндік бар ма? Оңай. Ол үшін облыс әкімі мен қала әкімі белгілі бір жоспар құруы қажет. Мен Бақытжан Әмірбекұлының алдына осындай мақсат қойдым. Келесі жылдың соңына дейін барлық қазақстандықтар Тараз қаласын ең қолайлы көшбасшы қала ретінде білуі тиіс,-дейді Ербол Қарашөкеев, облыс әкімі

Кездесуде облыс әкімі өңірге қажетті мамандықтарды жіпке тізді. Олардың арасында инженерлер мен IT-мамандары да бар. Ербол Шырақпайұлы жастарды өз өңірімізде қалдыру үшін оларды тұрақты жұмысқа орналастыруға көмектесу қажет дейді. Алайда, республика бойынша аймақ жалақы көлемі ең төменгі көрсеткіштерге ие. Ал бұл мәселені өңірде зауыттар мен кәсіпорындар санын көбейту арқылы шеше аламыз деп отыр.

– Біздің жастардың 60% – ы ауылдан. Олар үшін және Барлығы үшін біз барлық жағдайды жасауымыз керек. Олар бізде қалуы үшін. Жаңа жұмыс орындары, кеңселер. Барлық көтерілген мәселелерді шешеміз. Кезең-кезеңмен. Ол үшін біз үйлесімді жұмыс істеуіміз керек,-дейді Ербол Қарашөкеев, облыс әкімі

Жастарымен жүздескен облыс әкімі жиын соңында өңірдің дамуына үлес қосып жүрген белсенді жастарға алғысын білдірді. Олардың айтқан әрбір ұсыныс мұқият тыңдап, алдағы уақытта ескерілетіндігін. Жастармен диалогқа әрқашан ашық екенін жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *