ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНУДА
Медицина саласындағы ең негізгі көмектің бірі – жедел жәрдем қызметі. Қазіргі уақытта бұл қызметтің жасап отырған қызметі ерекше. Өйткені, мұнда тәулігіне түсетін қоңыраулар саны жылдағынан екі есеге ұлғайған. Адам өмірін сақтап қалу мақсатында мамандар “Қоңырауды ұстап қалу” әдісін жиі қолдануға көшті. Яғни, шақыртылған жерге көмекті жібере отырып, ол жеткенше, телефон арқылы науқасқа медициналық нұсқаулық көмек беру. Мәселен, Т. Рысқұлов ауданында бір пациент ақ халаттылар арқасында ам ан қалды. Бұл жедел жәрдем диспетчерлерінің адам өмірін сақтап қалуда көмектескен бірінші жағдайы емес, дейді Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері.
“Қоңырауды ұстап тұру” әдісі басқа жағдайларда да өзінің тиімділігін көрсетуде. Бұліс-шара бойынша 103-тің маманы медициналық топ келгенге дейін не істеу керектігін айтады. Бұл конвульсиямен, жүрек ауруымен, жоғары қысыммен, уланумен және тіпті үйде босанумен байланысты жағдайларда қолданылады. Себебі, бұл уақытта әр бір минут, әр сәт – пациент өмірі үшін өте маңызды, – дейді Венера Балқыбекова.
Жалпы бүгінде Жамбыл облысының халқы – 1 159 731 құрайды. Жедел медициналық көмектің қызмет көрсету радиусы – 130 км. 372 елді мекен бар. Тұрғындарға облыс аумағында 1 орталық станция, 3 қосалқы бекет және 11 аудандық жедел медициналық жәрдем бөлімшелері қызмет көрсетеді. Облыс бойынша тәулігіне 93 жедел-жәрдем бригадасы, оның ішінде – Тараз қаласында – 40, аудандарда – 53 бригада тұрғындарға қалтқысыз қызмет етуде. Медициналық авиация қызметін 3 мобильді бригада орындайды: акушерлік-гинекологиялық, неонатологиялық, нейрохирургиялық-травматологиялық.