JAŃALYQTAR

ЖАМБЫЛДА 8 КӘСІПОРЫН, 6 ҚҰС ФАБРИКАСЫ АШЫЛАДЫ

Бүгінгі таңда, ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның, сонымен қатар, Жамбыл облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы жол картасының басты мақсаты негізгі азық түлік тауарларымен өзімізді, яғни ішкі тұтынымды толықтай қамтамасыз ету болып табылады. Жалпы ауыл шаруашылығындағы өндірілген өнім көлемін 2025 жылға дейін 410,2 млрд. теңгеден 633,2 млрд. теңгеге жеткізу көзделген. 2022 жылға жоспар 446,6 млрд. теңге (2021 жылы 426,6 млрд. теңге НКИ 101,4%).

НҰРЖАН МҰХАШЕВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

2022 жылдың 6 айдың қорытындысымен 9,5 мың тонна алма (жоспар 28,3 тонна), 3,5 мың тонна шұжық өнімдері (жоспар 4 мың тонна), 4,6 мың тонна құс еті (жоспар 12,5 мың тонна), 151 тонна балық (жоспар 1,5 мың тонна), 245,4 мың тонна көкөніс өнімдері (жоспар 1 538,1 тонна) өндірілді.  Отандық өндірістің негізгі 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының  9 түрінен облыс артығымен, 8 тауармен 50%-ға қамтылса, 2 тауар басқа өңірлерден жеткізілуде (күріш, қарақұмық).

2025 жылға қарай облыстың ішкі қажеттілігін толық қамтуға қуаттылығы жылына 76,5 мың тоннаны құрайтын сүт өнімін өндіруші 10 сүт тауарлы ферма, 41,6 мың тоннаны қайта өңдейтін 8 кәсіпорын, 6 құс фабрикасы және республикалық қажеттіліктің 36,5%-ын қантпен қамтамасыз ететін зауыт іске қосылады. Бүгінгі күнге, шаруашылықтармен сауда орындары арасында 17,0 мың тонна негізгі азық түлік тауарларына форвардтық келісімдер бар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *