JAŃALYQTAR

ОБЛЫСТА 493 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

20 қараша кезектен тыс Президент Сайлауы өтеді. Облыстық сайлау комиссиясы науқанға дайындық жұмыстарын бастап кетті. Бүгін сайлауға қатысты семинар-кеңес өткізілді.

Аймақта  барлығы 493 сайлау учаскесі құрылды. Онда 3485 адам жұмыс істеуде. 1 шілдедегі жағдай бойынша облыста сайлау құқығы бар 705 911 азамат тіркелген.  Бұл сан әлі де нақтыланатын болады

Серғали АЙДАПКЕЛОВ, ЖО САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

 Сонымен қатар халықты ақпараттандыру жұмыстары да  қыза түсуде. Көшеге, қоғамдық жерлерде науқанды насихаттау мақсатында үнпарақшалар мен жарнамалар жариялануда. Қосымша 200-ден аса баннерлер дайындық үстінде.

Серғали АЙДАПКЕЛОВ, ЖО САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Келер аптадан бастап, Президенттікке үміткерлердің сенімді өкілдерімен тығыз жұмыстар басталатын болады.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *