JAŃALYQTAR

ТАРАЗДЫҚ ОҚУШЫ ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ ЖАЙЛЫ КІТАП ЖАЗДЫ

Тараздық оқушы ақын Жамбыл Жабаев жайлы кітап шығарды. «Дарын» мектеп-интернатының түлегі Ақмерей тау тұлғаны зерттеу арқылы Облыстық және Республикалық байқаудан алғашқы орынды иеленіп отыр.  

Жалпы, «Менің кіші Отаным» атты Республикалық байқау жыл сайын ұйымдастырылады. Онда елдің түкпір-түкпірінен келген оқушылар бірнеше кезең арқылы түрлі жобамен және ғылыми жұмыстармен бақ сынасады. Бұл жолы Жамбылдық оқушы суырылып алдыңғы орынға шыққан. Нақтысы Жамбыл Жабаевтың кітапта жоқ туындыларымен танысқан.

Ақмерей ДЕРБІС   ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «ДАРЫН» МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ

Біз Жамбыл Жабаев атамызды зерттеуді жөн санадық. Жалпы, Жамбыл Жабаев жайлы көп нәрсені білеміз. Дегенмен, кітапта «Соғыстағы ерлік», «Ленинградтық өренім» дегеннен басқа өлеңдері жоқ. Ал, біз өзіміздің жобамызда Жамбыл атаны толығырақ тану үшін Алматы облысына да бардық.///

Иә, Ақмерей атты жас дарын Жамбыл Жабаевты зерттеу үшін біраз жерді аралаған. Нақтысы, Алматыдағы мұражайдан бастап, тау тұлғаның өзі тұрған үйін көрген. Сонымен қатар,  Жамбыл атаның жеке заттарын көріп, немересімен жеке сұхбаттасқан. Және төте жазумен жазылған өлеңдерін жетекшісімен аудармақ болған. Барысында бірнеше сөзді тауып тың деректер тым көп болған соң, тіпті, Жамбыл Жабаевтың өмірі мен өнерін баяндайтын жеке кітапша шығарған.

Назым АРАПБАЕВА     ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «ДАРЫН» МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Төте жазудың алфавиті бар, соны қолданып, сондай-ақ, бала күнгі білімімді қолданып, бірнеше сөздерін оқыдық. Барысында Ақмерей деген оқушымның зерттеген кітабында «Мерей» деген сөзбен басталуы қатты толқытты. Енді аллдағы уақытта мұнымен шектелмейміз. Жамбыл Жабаевтың өмірін ғылыми жоба ретінде алып қазақтың тарихы мен қазақ әдебиетіне өз үлесімізді қоссақ па, деп отырмыз.///

Дегенмен, оқушы алыптың атымен аталған Жамбыл облысы, Шу өңірінде ақпараттық және танымдық мұражайдың жоқтығына қынжылды. Солай, жас дарын алдағы уақытта өзі жазған кітапты таратуға ниет білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *