ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай бүгін Таразда бірқатар тіл жанашырлары облыс әкімінің арнайы жүлдесімен марапатталды.
Бұл жүлдесін мемлекеттік тілге шынайы жанашырлық танытып, оның дамуына нақты ісімен үлес қосып жүрген азаматтарға беріледі. Осымен 5-ші рет ұйымдастырылып отырған іс-шарада 6 номинация бойынша жүлде табысталды. Олардың қатарында «Тараз 24» телеарнасының директоры Зарина Қуатовада бар. Тараз қалалық мәслихатының депутаты «Тіл майталманы» номинациясының иегері атанды.
– Биыл «Тіл майталманы», «Тіл білгірі», «Тіл шебері», «Тіл сақшысы» номинациялары бойынша анықталды. Марапат алған азаматтар мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, осы тілдерді қолдану аясындағы белсенді жұмыс жүргізіліп жатқан азаматтардың бірі және бірегейі деп білеміз,-дейді Мөлдір Ахметова, ЖО тілдер басқарамысының бөлім басшысы