BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINEЭкономика

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН АРАСЫНДАҒЫ ТАУАР АЙНАЛЫМЫ ҰЛҒАЯДЫ

Таразда Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаровтың қатысуымен қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 11-ші отырысы өтті. Шағын және кеңейтілген құрамда өткен келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Екі елдің орталық мемлекеттік органдарының басшылары қатысқан Үкіметаралық кеңестің негізгі тақырыптары сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, суды пайдалану және энергетика саласындағы өзара іс-қимыл, өнеркәсіп пен АӨК-те кооперациялық жобаларды іске асыру, республикалардың транзиттік-көлік әлеуетін дамыту, туризм және мәдениет салаларындағы бірлескен бастамалар болды.

– Форум екіжақты қарым-қатынастарды тереңдету үшін қосымша мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін. өңірлердің қарым қатынасы жақсарып, экономикалық өсудің жаңа нүктелерін белгілейді. Қырғызстан Қазақстанның маңызды сауда серіктесі болып табылады. Біздің елдеріміз арасындағы өзара сауда соңғы жылдары тұрақты өсіп келе жатқан серпінді көрсетіп отыр. 2021 жылы миллиард долларлық айналымға қол жеткізілді, 2022 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш тағы 20% – ға жақсарды ,-дейді Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі

Форумда екі ел арасындағы жеңіл өнеркәсіп пен банк саласындағы бастамаларды іске асыруды көздейтін 65 млн астам сома көлеміндегі бірқатар коммерциялық құжаттарға қол қойылды.

– Екі елдің Премьер министрлері келіп көптеген құжаттарға қол қойды. Бұл бізді қуантады. Кеденнен заттарымыз өтпейтін. Тізімге қарап, мына зат өтпейді, мына зат өтеді дейтін. Ал Қырғызстаннан ауыл береке базарымызға біз тұтынатын картоп, құлпынай, қүрт, май, сүт өнімдерін жолда өткізбейтін. Енді бүгін өткен ынтымақтастық форумына қатысты өтеді деп үміттенемін,-дейді Сембек Пірімқұлов, кәсіпкер

Айта кету керек 2005 жылдан бері қазақстандық компаниялар Қырғызстан экономикасына шамамен $1,3 млрд инвестиция салған. Енді Қазақстан мен Қырғыстан арадағы тауар айналымын 2 млрд долларға дейін ұлғайту жоспарлауда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *