JAŃALYQTAR

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР «ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» ЖОЛДАМА АЛА АЛАДЫ

 «Дипломмен ауылға» жобасына ендігі мемлекеттік қызметкерлер де кірді. Яғни тек ауыл шаруашылығы, спорт, мәдениет, т.б мамандардан бөлек олар да жобаның жемісін көре алады. Ашылғанына 10 жылдан асқан жоба шеңберінде жұмыс істейтін қызметшілерге екі бағытта мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді. Ал жамбылдықтарға жоба несімен тиімді?

Ағымдағы жылы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін, аталмыш жоба аясында 290 маман үшін                1 332,5 млн.теңге қарастырылып, 2022 жылдың 1 қарашасына тағы 254 маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 1 159,9 млн. теңге несие берілген. Иә, жоба Жамбылда қарқын алған деседі мамандар.

Гүлдана ЖАУЫНБЕКОВА  ЖО ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бұл бағдарлама тоқтаған емес! Атап айтқандай 2009 жылдан басталды. Бірінші кезекті қандай мамнадар өажеттілік бар, сол тізім құрастырылады. Содан кейін қаржы республикадан бөлінеді. Сосын биыл 290 маманға несие, 500 адамға көтерме жәрдем беру қарастырылса, сол республикалық бюджеттен бөлінген ақша біткенше жалғасады.

Дипломы бар мамандардың ауылда жұмыс істегені үшін арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Нақтырақ 100 АЕК мөлшерінде 306 300 теңгені құрайтын біржолғы көтерме жәрдемақы беру, сосын қажеттілігіне қарай тұрғын үй сатып алу немесе салуға, 0,01 пайыздық үстемемен 15 жылға дейін 1500 АЕК яғни 4 594 500 теңге көлемінде жеңілдетілген бюджеттік несие беруде. Айта кетейік, желтоқсанда 283 маманға 1 293,2 млн. теңге несие беру күтілуде.

100 АЕК (2022 жылы АЕК – 3063 теңге) мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы беру ағымдағы жылы 306 300 теңге

Қажеттілігіне қарай түрғын үй сатып алу немесе салуға, 0,01 пайыздық үстемемен 15 жылға дейін 1500 АЕК немесе  4 594 500 теңге көлемінде жеңілдетілген бюджеттік несие беру

Атап өткен жөн, әлеуметтік қолдау шараларын алған мамандар ауылдық елді мекенде үш жылдан кем емес жұмыс істеуге міндеттеме алады. Ал 2023 жылға мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін 204 маманға 1 055,7 млн. теңге бюджеттік несие алдын ала қарастырылуда. Әрі жоба тек шалғай аудандарда ғана емес, сонымен қатар Байзақ, Жуалы секілді жақын өңірлерге де қол жетімді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *