ӨМІРДІ ҚАЛАЙ САҚТАНДЫРАМЫЗ?
Адам өмірі күтпеген және кездейсоқ жағдайларға толы. Иә, мойындау керек, өмірге қауіп күтпеген сәтте төнуі мүмкін. Сол себепті, болашақ туралы ойлана отырып, әркім өзін және отбасын мүмкіндігінше кез келген күтпеген жағдайлардан қорғауға тырысады. Осы орайда қаржы сауаттылығын арттыру үшін «Халық-Лайф» қауымдастығы БАҚ өкілдерімен бизнес-ланч форматында кездесу өткізді.
Пенде болған соң тірлікте түрлі тәуекелдермен бетпе-бет келу заңдылық. Бірақ тәуекелдердің де алдын алуға болатын талай тәсіл бар. Соның бірі – сақтандыру. Сақтандыру құралдары адамды қаржылық тұрғыдан қорғайды. Яғни, тәуекелдердің салдарын азайтып, қауіптің қара бұлтын сейілтеді.
Жалпы, өмірді сақтандыру екі топқа бөлінеді. Олар, міндетті және ерікті. Нақтысы, міндетті сақтандыру саласында компания Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандырады және шетелге шыққанда туристі сақтандырады. Ал, ерікті саласы бойынша, сіз өмірді, аннуитеттік және жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша қызмет көрсетеді.
ӨМІРДІ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯЛАРЫ
МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ ЕКІ СЫНЫБЫ:
- Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру;
- Туристі сақтандыру
ЕРІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ ТӨРТ СЫНЫБЫ
- Өмірді сақтандыру;
- Аннуитеттік сақтандыру;
- Ауырған және жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша қызмет көрсетеді.
Әсел ӘМІРБАЕВА ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Өмірді сақтандыру полисі өзіңді және туыстарыңды күтпеген жағдайларда болуы мүмкін қаржылық шығындардан сақтауға көмектеседі. Өмірді жинақтаушы сақтандыруды азаматтар бір мезгілде сақтандырып қорғауды және сақтандыру төлемінің кепілдігін ала отырып, ақша қаражатын жинақтау үшін пайдалана алады. Яғни бұл өнім сақтандыру мен жинақтауды біріктіреді. Халықты ұзақ мерзімді өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттарын жасасуға ынталандыру мақсатында жеке тұлғаның салық салуға жататын табыстарынан жеке тұлға өз пайдасына және (немесе) жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) пайдасына және (немесе) жұмыс беруші қызметкердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын төлеген сақтандыру төлемдері алып тасталды
Қазақстанда «Халық-Лайф» сақтандыру қорының 1 млн 300 мың клиенті болса, жамбыл облысында 100 мыңға жуық адам өз өмірін сақтандырған. Нақтысы, сіз өміріңізді сақтандырып, айына аз ғана көлемде қаражат құйсаңыз, өміріңізге қатер төнсе несиелеріңізді толықтай өтеп береді.
Жанар ЖҰБАНИЯЗОВА «HALYK LIFE» АҚ ӨМІРДІ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Ай сайын аз дегенде 10 мың тг-ден жинап отырып, өмірлерін 2 млн теңгеге дейіг сақтандырады. Мәселен, 5-6 жылда сол соманы жинаған болса, көбейтіп алып кетеді. Немесе оқыс жағдай туып, өмірден озып жатырса, сол қаражатқа өз балалары еншілес бола алады.///
Сонымен қатар, баланың білім алуына да ақша қаражатын мемлекет қолдауымен жинақтауға мүмкіндік тууда. Яғни, сіз балаңыздың білімі үшін «Халық Лайф» сақтандыру қорынан есепшот ашып, шамаңыз келген қаражатты құйып отырсаңыз болады. Ал, ата-анасы қайтыс болған немесе еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда, балаға сақтандыру шартында жазылған оқудың толық сомасын төлеуге кепілдік беріледі. Айта кетейік, Қазір отандық өмірді сақтандыру нарығында 9 компания бар. 2022 жылғы 1 сәуірдегі статистика бойынша қолданыстағы сақтандыру шарттарының саны 2,5 млн асқан.