JAŃALYQTAR

ТАРАЗ ОҚУШЫЛАРЫ ВОЛЕЙБОЛДАН І ОРЫН АЛДЫ

Назарбаев Зияткерлік мектептері волейболдан дәстүрлі желілік спартакиада ұйымдастырды.  Жалпы, республика бойынша 22  Назарбаев мектебі бұл спартакиадада атсалысты.  Ал, Тараз қаласынан екі команда қатысып, спортшылары жүлделі 1 орынды иеленді.

Спартакиаданы ұйымдастырудағы мақсат салауатты өмір салтын қалыптастыру, командалық рух пен ынтымақты тәрбиелеу. Сыр өңіріндегі Зияткерлік мектепте өткен аймақтық кезеңге Қызылорда, Алматы, Шымкент, Тараз және Түркістан қаласынан 100-ге жуық волейболшы бақ сынады. Елеулі еңбек арқасында Тараздық ұлдар командасы бірінші орын, қыздар командасына үшінші тұғырдан көрінді.  Солай желтоқсан айында өтетін ақтық кезеңге жолдама алды.

Арсен АНАРБЕК      НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ

Біз 7 сыныптан бері волейболмен айналысып келеміз. Басқалар да жеңістерімізді көрді. Жеңіске 25:8, 25:7 деген ұпайлармен жетіп отырмыз. Енді , біз бүкіл Оңтүстіктің чемпионымыз. 15:0. Бір очко бермедік. Ұлдар командасы 9 жылдан бері алғашқы рет бірінші орын алып тұр. Соған қуанышымыз шексіз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *