ӨНЕР МЕКТЕБІМЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ
Дарынды балалар елдің ертеңі, мықты мемлекеттің кепілі. Шағармашыл жастарды көбейтіп, оларға жағдай жасау мақсатында Меркі ауданында екі әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Оның бірі өнер мектебі болса екіншісі ауылдық мәдениет үйі халыққа пайдалануға берілді.
Жаһандану дәуірінде өнерлі өрендерді көбейтіп, балаларды жанжақты дамыту керек екенін ескерген аудан басшылығы, ескірген өнер мектебінің орнына жаңа ғимарат ашып берді. 300 орынға арналған өнер мектебінде домбыра, қобыз, фортепиано, вокал, баян, аккордеон үйірмелері мен оқу кабинеттері жұмыс жасап, 34 педагог қызмет атқарады.
– Жаһандану заманында қосымша білім беру мекемелерінің ауқымын кеңейту көзделуде, сондықтан да бүгін 600 орындық балалар өнері мектебі ашылуда. Бүгінгі таңға дейін саз мектебі қызметін атқарып келген қазіргі таңда өнер мектебі атауын алып отыр, себебі ауқымы кеңеиіп отыр яғни өнер бектебі 10 бағытта жұмыс жасайтын болады,- дейді Айгерім Алтынбаева, аудандық білім бөлімінің басшысы
Сонымен қатар Ойтал ауылдық округінде 180 орынға арналған ауылдық мәдениет үйі есігін айқара ашты. «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасының аясында бой көтерген ғимарат ауылдықтардың көптен күткен қуанышы болғандықтан, ашылу рәсімінехалық көп жиналды. Қуанышпен ортақтасуға келген аудан әкімі тұрғындарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін арнады. Ал ауыл ақсақалдары болса бастасын беріп, бұл мәдениет үйінде ауыл жастары өнерлерін шыңдап,шығармашылықтарын дамытатынына сенім білдіріп, алғыстарын жеткізді.