JAŃALYQTAR

БҮЛДІРШІНДЕРДІҢ 85%-ы ҚАЗАҚ ТОБЫНДА ТӘРБИЕЛЕНУДЕ

Жамбыл облысы тұрғындарының 92 пайызы мемлекеттік тілді меңгергендер қатарында. Ал еркін  жазатандар үлесі 71-ді құрап отыр. Тіл саясатын жүзеге асыру бағытында Тілдерді дамыту басқармасының ендігі межесі қандай? Аймақ халқы қазақ тілімен қатар ағылшын. Орыс тілін меңгеруге қаншалықты қызығушылық білдіреді? Басқарма басшысы жұмыс барысын баяндаған брифингтен әріптесім Әсел Қалиева жалғасын.

Жамбылда өзге ұлттар көп шоғырланған аудандарда Тілдерді оқыту орталықтары белсенді жұмыс істеуде. Нәтижесінде жыл басынан бері бір ғана Қордай ауданында 36 топта 445 адам қазақ тілін оқыған. Жалпы аймақ бойынша дәл осындай 3699 тыңдаушы қазақ тілі курсынан өтіп, ауыз екі және граматикалық деңгейде білім алған.

Рахия ТҰРМАХАНБЕТОВА   ЖО ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Сонымен қатар «QazONLINE» айдарымен қазақ тілін тез үйренуге бағытталған 70 сабақ әлеуметтік парақшаларда жарияланды. Этос өкілдеріне тілдік орта қалыптастыру, қазақ тілін сөйлеу арқылы тез меңгеру мақсатында «Ашық аспан астындағы тіл үйренеміз», «SŐILE» және «RELAX AND LEARN» клубтары жобалары іске асырылуда. Жыл басынан 102 отырысы (ай сайын) өткізіліп, 1302 тіл үйренуші қатысты.   

Қате әрі бей-берекетсіз жарнама әлі күнге дейін сын болып тұр. Жыл басында  арнайы тексеру жүргізіліп, 6099 көрнекі ақпараттан 670 кемшілік анықталған. Сыннан нәтиже шығарған әзірге 47 –і жауапты болса, 623-не қате жарнаманы түзетуге мерзім берілді. Бұл тарапта басқарма тарапынан ақпараттандыруда ақау жоқ. Үнемі сауаттылықты дәріптеп отырады.

Рахия ТҰРМАХАНБЕТОВА   ЖО ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Өңірде шағын және орта бизнес объектілерінде, сауда орындарында және халыққа жаппай қызмет көрсететін мекемелерде тіл туралы заңның талаптарын түсіндіру бойынша барлығы 86 кездесу                    (7 сауда үйі, 6 дәріхана,  4 дүкен мен салондар, 24 кәсіпорындар мен 45 бизнес өкілдері) өткізілді. Онда мемлекеттік тілді меңгерудің маңыздылығы, қазақ тілін үйренудің мүмкіндіктері түсіндіріліп, базалық сөздіктер таратылды. Қысқамерзімді «Тілашар» оқу курстары ұйымдастырылды.

Аймақта 440-тан  аса мектеп болса,  оларда 77% қазақ тіліндегі білім ошақтары. Балабақшадағы мән-жайға келсек, үгінгі таңда бүлдіршіндердің 85%-ы мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Жалпы  оның ішінде 562 балабақашаның  оның 445-і қазақ тілінде, 101-і аралас, 16-сы орыс тілінде жұмыс істейді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *