ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНДАРЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА
Сондай-ақ, халық қаhармандары мен еңбек ерлері Жамбыл аудынына да арнайы атбасын бұрды.
Қонақтар ең алдымен Аса ауылында орналасқан техникалық шығармашылық және кәсіби білім беру орталығының жұмысымен танысты. Мұнда мектеп оқушылары үшін 86 үйірме жұмыс істейді. Ал Аса ауылының жастарымен кездесуде азаматтар ілім мен білімнің маңыздылығына тоқталды.
– Біздің қоғамның мақсаты үгіт насихат жүргізу жаңа айттым ғой патриотизм мысалы сана. Сана болу керек. Санасыз адам бола алмайды. Мысалы қазір нақты мына білім бар ол білімнің барлығы санасы болмаса оның керегі жоқ. Ол білім үлкенді сыйламай, өзіңнің қазағыңның салт-дәстүрін ескермей ешқандай оның керегі қанша,-дейді Тұрсынбек Нақышев, «Жезказганцветмет» жшс тау-кен комбинатының кеншісі
Әулиеата жеріне арнайы келген қонақтар Айша бибі кесенесіне зиярат етуге де барды. Ауылдағы мәдениет үйінде ауыл ардагерлері және зиялы қауым өкілдерімен «Елдік – ұлы ұғым » тақырыбында кездесу өткізді.