BASTY BETBILİKJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ТОҚАЕВ ЕЛЕНА РЫБАКИНАНЫ III ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісімен және теннистен әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Рыбакинаның жетістігі отандық спорттың дамуына үлкен үлес қосқанын атап өтті. Оның айтуынша, теннисшінің жеңістері балалардың осы спорт түріне қызығушылығын арттырып, жас өрендерге үлгі болып отыр.

– Үш бірдей Үлкен дулыға турниріндегі жеңісіңіз теннис жылнамасына өшпестей болып жазылды. Мұнымен тоқтамай, алда әлі талай асуды бағындырасыз деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаның корттағы және қоғамдық ортадағы байыптылығына, ішкі мәдениетіне де тоқталды. Президент мұның Қазақстанды спортты, соның ішінде теннисті қолдайтын мемлекет ретінде таныту үшін маңызды екенін айтты.

Өз кезегінде Елена Рыбакина Президентке қолдауы және Қазақстанда үлкен теннистің дамуына көрсетіп отырған қамқорлығы үшін ризашылығын білдірді. Теннисші Қазақстан атынан өнер көрсетуді мақтан тұтатынын айтып, алдағы уақытта да жаңа жеңістерге ұмтылатынын жеткізді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны спорттағы ерен жетістіктері, сондай-ақ Қазақстанда теннисті дамыту мен насихаттауға қосқан үлесі үшін III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *