МҰСТАФА КЕМАЛ АТАТҮРІКТІҢ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ
Шу ауданы Төле би ауылында Мәлік Жүнісәлиев саябағында Түркия мемлекетінің негізін қалаушы, тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткішінің ашылу салтанаты өтті.
Түркия 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекет. Сондықтан екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар нығайып, халықаралық аренада стратегиялық әрі сауда саласындағы ынымақтастығы оң дамыды. Осыған орай, Шу ауданында Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткіші ашылып отыр. Алғашқы сөзді Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков алып, халыққа ізгі тілегін жеткізді. .
– Ардақты әлеует, ардақты халық Ататүрік ескерткішінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймыз. Еліміздің егемендігі баянды, екі елдің достығы жалғса берсін. Баршамызға амандық, бақ-береке, тыныштық, Мына біздің кең байтақ елімізде жүргізіліп жатқан іс-шаралардың бәрі, саясаттың бәрі тек ауызбіршілікпен атқарылатын жұмыстар,-дейді Бақытжан Жәнібеков, Шу ауданының әкімі
Ескерткіштің ашылуына аудандық ардагерлер мен ақсақалдар кеңесінің мүшелері, түрік этномәдени орталығының өкілдері қатысты.
– Бүгін сондай жақсы күн. Бүгін Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткішін аштық. Ешқашан соғыс көрмес үшін, бізде бәрі жақсы болуы үшін, мемлекетіміз бізге әрқашан тыныштық пен бауырмалдық болсын,-дейді Мұратәли Тагиров, түрік ұлтының өкілі
Жиын соңында келген көпшілікке ақ дастархан жайылып, құран бағышталды. Сондай-ақ келген қонақтарға түркі этномәдени орталығының атынан шапан жабылып, құрмет көрсетілді.