BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

КЛАССИКАЛЫҚ ӘН КЕШІ

Жеңіс саябағының сахнасында отандық және әлемдік композиторлардың классикалық музыкалары шырқалды. Көрермендердің рухани ерекшелігін байыту мақсатында мәдениет басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы “Күзгі әуен” атты классикалық өнер кешін өткізді.

Соңғы уақытта облыс тұрғындарын рухани байытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта бірқатар іс-шаралар жиі ұйымдастырылады. Классикалық музыка концерті Шымкент қалалық опера және балет театрының симфониялық оркестрінің жетекшілігімен өтті. Айта кетейік, кешке әлемдік операның алтын дауысы Майра Мұхамедқызы, опера әншісі Толқын Забирова, танымал скрипкашы Жәмила Серкебаева және халықаралық байқаулардың лауреаттары арнайы келіп, тараздықтарға ерекше көңіл күй сыйлады.

– Барлық тыңдаушыларды, соның ішінде қазақстандықтарды классикалық музыканы тыңдауға шақырамын. Әншілердің өнері және музыка жанды дауыста орындалатын бүгінгі шығармашылық концерттегі музыкалық аспаптардың әуені әр адам үшін кем дегенде 1 жыл Рухани ем болып табылады. Үлкен рахмет. Бүгін керемет кеш өтеді,- Үміт Битенова,ҚР жазушылар одағының мүшесі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *