BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAM

ТАРАЗДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

1 наурыз – Алғыс айту күнін жамбылдықтар кең көлемде атап өтті.  Достық үйінде ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада  түрлі этнос өкілдері басын қосты.  Келген қонақтар тайқазаннан дәм татып, жылы тілектерін білдірді.

Қадірлі ағайын баршаңызды ризашылық пен мейірімділіктің мерекесіне айналған, алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн ең алдымен тыныштықпен үндесік, бейбітшілік пе келісімнің салтанат құрған күні. Алғыс айту күні құрметтің, жанашырлықтың, достықпен, халық бірлігінің символы болып табылды,-деді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.

Мерке күні қайырымдылық қоржындары таратылды.  «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» ескерткіш тақтасының ашылды. Архивтегі құжаттар мен фотосуреттер көрмеге қойылды.  Өңірдің дамуына, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлестері үшін бірлестік ардагерлері мен жұмысшы мамандар марапатталды.
Мерекелік іс-шара «Қазақ халқына мың алғыс» монументінде жалғасыен тапты.  Гүл шоқтарын қойылды. Белсене қатысқан түрлі этнос өкілдерді өз ришалықтарын білдіріп, осы күннің маңызына тоқталды.

Қазақстан көп ұлтты мемлекет , талай елдер осы жерге келіп ұлты бөлек болсада қазақстанда өзінің екінші отынын тапқан. Сол үшін бүгін сына мен өзбек орталығы атынан, өз атымнан осы қазақстан халқына осы біздің президентімізге үкіметімізге алғыс айтқым келеді. тараз қалалық өзбек орталығының төрағасы,-деді Абдурахман Зайнуддинов.

Мерекелік думан этномәдени бірлестіктердің хореографиялық ансамбльдері және Жамбыл облыстық филармониясының «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» концерттік бағдарламасына  ұласты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *