БАЙЗАҚТА ТАҒЫ ЖАРЫЛЫС!

Байзақта тағы жарылыс!  Бұл жолы бірақ, тұрғындар еш алаңдауға негіз жоқ. Өйткені, әскерилер 6-маусымнан бастап өткен жылғы төтенше жағдайдан кейінгі оқ-дәрілердің қалдықтарын жою шараларын жүргізуде.

  • Қауіпсіздік шаралары апта барысында сағат таңғы 9,00 ден кешкі 18,00 аралығында жүргізіледі. Жарылыс ошағы шөлді, таулы жерде, әсіресе елді мекендерден қашық орналасқан. Сонымен қатар оқ-дәрілердің қалдықтарын жою аз мөлшерде жүргізілмек.

Бұл жарылғыш заттар өте қауіпті. Сондықтан да біз оны тиянақты, қауіпсіздік ережелерін сақтап  жоямыз. Жарылып болған жағдайда оны 15 минут күтеміз. 15 минуттан кейін оны көріп келіп, бізге баяндама жасалады. 

№28349 ӘСКЕРИ БӨЛІМНІҢ КОМАНДИРІ, ПОДПОЛКОВНИК

 Жару алаңы мен біз жаратын орынның арақашықтығы 150-200 метрге дейін созылады.Бір жарғанда аздан жарып жатырмыз қазір. Өйткені жақын жердегі елді-мекендер қауіпсіздігі үшін.бар салмағы шамамен 600-700 кг тротилл. 

  • Бөлшектер арнайы дайындалған жер асты пешінде өртеледі. Бұл әдіс жақын маңайдағы  тіптен әскерилерге де еш қатері жоқ, екенін ескертеді. Қауіпсіздік нормалары мен талаптар қатаң сақталған.
  • Оқ-дәрі қалдықтарын жою барысында кіші сержан Бауыржан Дәуітбаевты да іздеу шарасы қатар  жүргізілмек.  Ал жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін  қамтамасыз ету үшін мұнда әскерилер мен полиция қызметкерлері қырағы күзетті қолға алған.

/taraz24.kz/

Leave a Reply

Your email address will not be published.