ЖАС ДАРЫНДАР БАЙҚАУЫ
Осы Сенбі қазақ жері тарихының астанасы Тараз қаласының туған күні. Атаулы мерекеге орай, шаһарда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – «Robofest» робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі. Мектеп оқушыларын ғылым мен техникаға баулуды мақсат еткен шарада жас өнертапқыштар өз жұмыстарын ұсынды.
Соңғы кездері мектеп оқушыларының роботтар құрастыруға, технологияға деген қызығушылығы артып келеді. Фестивальде ұсынылған жұмыстар ішінде робот-манипулятор да бар, – дейді мамандар.
Елизат ҒАЛЫМКЫЗЫ ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ
Жас дарындар құтқару техникасына роботтық құрылғыларды енгізген. Бұл тетік төтенше жағдайда қайғылы жайттардың алдын алуға көмектеседі.
Руслана БАСЕЕВА №24 ГИМНАЗИЯ ОҚУШЫСЫ
Біздің робот-манипулятордың ерекшелігі –төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою кезінде адамдарға өткелдер жасауға, қоқыстарды тазалап, қирандыларды қалпына келтіруге көмектесе алады.
Аталған құнды құрылғы смартфондағы қолданба арқылы басқарылады.
Малика МЫРЗАХМЕТОВА №24 ГИМНАЗИЯ ОҚУШЫСЫ
Жоба Төтенше жағдайлар министрлігі құрылымдарының роботтық құрылғыларын енгізу бойынша іске асырылмаған…\
Жарысқа қала мектептерінен барлығы 48 команда қатысты. Үздік өнертапқыштар арнайы сыйлықтармен марапатталды.