JAŃALYQTAR

ШУДА 5 ҚАБАТТЫ 80 ПӘТЕРЛІ ҮЙ СОҒЫЛАДЫ

Шу ауданында келесі жылы 5 қабаттан тұратын  80 пәтерлі тұрғын-үй соғылмақ.. Бұл туралы бүгін өңірлікк коммуникациялар қызметінде аудан басшысы Сәкен Арубаев айтты.

Шу ауданында үй кезегіне  1844 адам тіркелген екен. Аталған 80 пәтерлі үйді соғу үшін бюджеттен 2,8 млрд қаражат бөлініпті. Мұнан бөлек «Асаролатып үй беру» бағдарламасымен 7 отбасына баспана берілмек. Еске салайық, мемлекет басшысы 2025 жылға дейін барлық ауыл-аймақтар газбен толық қамтылу керек деген еді.  Аудан әкімінің сөзінше келесі жылы ауданды көгілдір отынмен қамту үшін 129,9 млн. алдын-ала республикалық бюджеттен қолдау тапқан.

Сәкен АРУБАЕВ ШУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ     

Биыл Ақтөбе, Тасөткел, Ақсу, Оразалы аулдарын газ кіреді. Басқа ауылдарға газ кіргізу үшін магистраль салу керек. Сонда ғана газ жүргіземіз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *