JAŃALYQTAR

1 ҚАЗАН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ

1Қазан –  қарттар күні. Осыған орай бүгін Қайрат Рысқұлбеков саябағында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты»  мәдени іс-шара өтті

Іс-шарада ардагерлер мен балалар арасында 5 түрлі спорттық сайыс ұйымдастырылды.  Нақтылай кетсек, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, асық ату, сондай-ақ арқан тарту сынды ойындар  болды. Көздегені тек өскелең ұрпаққа рухани-адамгерщілік тәрбие беру ғана емес қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрыптарын дәріптеу болып табылады.

 Еркімбек СОЛТЫБАЕВ– ЖО АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

«Мен бүгін қарттарға ерекше алғысымды айтамын. Әркімнің үйінде жұмыстары бар. Осыған қарамастан күнде таңертең маған келіп не тапсырма  бар деп сұрап, тыңбай еңбек етіп жүреді.»

 Жиында Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова мерекелік іс-шараға қатысушыларға, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Батырбек ҚҰЛЕКЕЕВ-ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

«Ең бірінші перезидентімізге алғыс айтамыз. Халықаралық қарттар күнін ұйымдастырып отырған. Еліміз аман болсын. Қазақта сөз бар. Дүниенің кеңдігінен не пайда аяқ киімің тар болса дейді. Ең бірінші отбасымыз аман болсын.»

Бұл кештен балалар да шет қалмады. Өздерінің қолөнер бұйымдарын көрмеге қойды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *