АСАДА САБЫН ШЫҒАРЫЛАДЫ
Егін ексең – ебін тап, ебін тапсаң – жерін тап. Бұл мақал-мәтел Жамбыл ауданы Көлқайнар ауылының тұрғыны Мырзабек Қошмановқа дәл айтылса керек. Ақсақал жасына қарамастан қаржы көзін тауып, есебін де түгендеп, ауылдан ерекше бизнес ойлап тапқан.
Бар білімі мен жігерін темір жол саласына арнаған Мырзабек ақсақал зейнет жасына шығып, құр алақан отыра алмаған. Үйде немерелерінен сұрастырып, әлеуметтік желіден сабын шығарудың қыр-сырын меңгеріп алды. Біраз ізденіс отбасылық кәсіпке айналған.
– Енді шамалап әйелім стейді, жұмыстан бос уақытында екуміз ермек қылып қарап жатқанша.Асаны полный қамтамасыз етіп отырмын, қалада екі-үш магазиндер алады. Мен 180тг ден өткізем 250грамдығын, 200грамдығын шығарам 150теңгеден өткізем,-дейді Мырзабек Қошманов, кәсіпкер
Кәсіпкер сабын өндіруге қажетті құрылғыларды арнайы Ташкенттен барып алған. Жобаның жалпы іске асуына небәрі 2,5 млн теңге жұмсапты. Кішігірім ғана нысанда қазір айына 700 дана сабын шығарылады. Кір жуу ұнтағыны ақсақал өзі таңдап «Қазақия» деп атапты. Ерекше атаудың сыры неде екен.
– «Қазақия» деп қойуымның себебі жаңа Қазақстан дедіго бұлар жаңарамыз деп сосын мен баяғы ескіні қозғайын деп, 1460 жылы «Қазақия» деген мемлекет құрылған, сол үшін «Қазақия» деп қойдым,-дейді Мырзабек Қошманов, кәсіпкер
Кәсіпкер алдағы уақытта өз ісін кеңейтіп, кір жуу ұнтағы мен басқа да химиялық өнімдер шығаруды жоспарлап отыр.