JAŃALYQTAR

«АСАР» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ 117 ҮЙ СОҒЫЛАДЫ

«Асарлатып үй салу» жобасы басталғалы Жамбыл облысында 250-ге жуық отбасы баспаналы болды. Ізгілікке, қайырымдылыққа бастайтын жоба  биыл да өз жалғасын табады.

Нақтысы, Қордай ауданы, Арал ауылында бес балалы анаға көптің қолдауымен үй соғылып,  берілді. Көптен күткен ұлы қонысына қол жеткізген Әлия Нұрымбетова. Ананың қуанышында шек жоқ. Ол бүгінгі ерекше күнде балаларының бақыты үшін атсалысқан жандарға алғысын білдіріп, жоба жалғаса берсе деген, тілегін айтты.

Әлия НҰРЫМБЕТОВА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

 Осылай маған асарлатып үй бергендеріңізге көп рақмет. Мен секілді барлық аналар да осылай қуанғанын қалаймын. Үй іші қуаныш пен шатыққа толса бақыт қой. Жыл соңына Жамбылда дейін  117 үй салу жоспарда бар. Дәл қазіргі кезеңде 13 үйдің кілті өз иелеріне тапсырылды. Оның ең көбі аталған Қордай ауданы болса, мұнан соң Байзақ, Сарысу, Т.Рысқұлов аудандары тұр.

«АСАР» ЖОБАСЫ

2022 ЖЫЛЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 117 ҮЙ СОҒЫЛАДЫ

ҚҰРЫЛЫСТЫҢ – 13 АЯҚТАЛДЫ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *