ҒАЛЫМДАРҒА ҚОЛДАУ КЕРЕК
Жамбыл облысында дарынды жас ғалымдар қатары артып келеді. Бірақ оларды қолдау шаралары көңіл көншітпейді. Ал жергілікті бюджеттен өңірлік ғылымды дамытуға бөлінетін қаржы көңіл көншітпейді. Өйткені, статистикаға сүйенсек жалпы облыстардағы ғалымдардың үлесі 35 % ғана құрайды.Ал, қалған 65 %-ы Алматы мен Астанада. Сол себепті де оларды қолдауға бөлінген қаржының 75 %-ы осы екі қалада. Ұлттық Ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысында бүгін аймақтағы ғалымдар өзекті мәселелерді көтерді,-деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының қолдауымен ғылымды дамыту бойынша ауқымды іс шаралар қабылданып жатыр. Қазірде ұлттық академия ұсынған «Қуатты өңірлік ғылым- қуатты өңір» бастамасын іске асыру жайы жан-жақты талқылану үстінде. Бүгінгі жиында айтылған ортақ ой жас ғалымдарды қолдау шараларын күшейтуге бағытталған.
- Қазір өкінішке орай көптеген облыстарда ғылымға жауап беретін тұлғалар жоқтың қасы. Бұл салаға ешкім қарамайды деуге болады. Ғалымдар өңірлерде қандай мәселе бар екенінен хабарсыз. Ал жергілікті бизнес өкілдері ғалымдардың мүмкіншілігін жетік білмейді. Біз ең алдымен осы мәселені шешуіміз керек-, дейді ҚР ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев
Ғалымдар басқосқан жиында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев көшпелі отырыстың Жамбыл өңірі үшін маңызы өте зор екенін тілге тиек етті. Аймақ көпсалалы аграрлық өңір болғандықтан мол мүмкіндіктерін көрсетуге әзір екенін жеткізді.
- Өңірлердегі ғылымды дамыту мәселесін толық қолдаймын. Бұл бағытта жергілікті маслихат депутаттары, ғалымдар мен ірі бизнес өкілдерінен жасақталған облыс әкімдігі жанынан ғылым және технологиялар жөніндегі өңірлік кеңес құрылатын болады. Жамбыл облысының әлеуетін ескерсек қолға алған жұмыстар өз нәтижесін беруі тиіс,- дейді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев
Аталған жобаны табысты іске асыру үшін облыс әкімдігіне Ұлттық академия тарапынан қажетті көмек көресетілмек. Барлық көшпелі отырыстардың қорытындысы бойынша Үкіметке өңірлік ғылымды дамыту жөнінде ұсыныстар беріледі дейді жауаптылар.