МИНИСТР МОЙЫНҚҰМДА
Күні кеше ҚР Ақпарат және қоғамдық даму минстрі Асқар Омаров Жамбыл облысына іс-сапармен келген еді. Министр ауылдағы ағайынмен тілдесуге шалғай жатқан Мойынқұм жеріне атбасын бұрды. Көп атқамінер аяқ баса бермейтін ауданда үлкен жиын өтті. ОНда басшы мен қарапайым халық та ашық әңгіме құрып, түйіткілді мәселелерді түртіп алды. Толығырақ әріптесім Жасұлан Құрманқазы тарқатсын.
Шенеунікке базынасын арқалап келген бұқараның қарасы қалың. Көк отын тартылса, таза сумен қамтылсақ, сондай-ақ интернет жүйесін емін -еркін пайдалансақ деп,- мұңдарын жеткізді мойынқұмдықтар.
Осы бізде мойынқұмда, өзіміздің жерімізден газ шығады, бірақ біз мойықұмда отырып,сол газды жаға алмаймыз, 1500 км Астанаға газ апарып қойды, алайда мойынқұмда әлі газ жоқ.//
2021 жылы қазан айында келіп 3ж интерентеін қойып жатырмыз деді,- активтің жігіттері, бірақ 3ж тек қағаз жүзінде қойылды. Данный момент ешқандай доступ жоқ, қағаз жүзінде қойылған, ал ауылда жоқ
Ия, бұл халық базынасы. Асқар Қуанышұлы барлық қаузалған мәселерді түртіп алды. Оны қағазда қалып қоймай, Елордадағы әріптестеріме жеткіземін деп, уәдесін берді.
Асқар ОМАРОВ ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНСТРІ Н1080070 00:09- 00:32 //Мойынқұмға газ тарту жоспарда бар. оны үкіметтен қолдап жатыр. Толық жауабыңызды мен Ел ордаға қайтып, энергитка минстрлігінен сұраймын. Қазіргі жағдай қандай болып тұр. Менің ақпаратым бойынша 2025 жылға дейін мойынқұмға газ келедідеп жоспарланып тұр.
Сонымен қатар минстр тұрғындарды жеке қабылдап, ашық сұхбат өткізді. Айтпақшы, Жаңа Қазақстанға бастама бұл. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес шенеуніктер енді дәл осылай ауылдарды аралап, халықпен тілдесіп, проблемаларды өз көздерімен көруі тиіс.
Асқар ОМАРОВ ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНСТРІ Н1080098 00:45-01:00 –01:12- 01:43 // Тамыз айына дейін, орталық атқарушы орган басшылары 45 кездесу өткізді. Енді бұл график бойынша Президент жарлығының аясында атқаралытан жұмыс. Мойынқұм ауданын өзім таңдадым. Себебі болыс орталығында кездесуге болады, ол жақта әріптестеріміз кездесіп жүр. Облыс орталығынан 20-50 шақырым жерге де баруға болады. Бірақ шалғай жерге барғанда дұрыс. Себебі шалғай жерлердеде мәселе көп. Ол жаққа бірінші басшылар жиі келмиді. Сонымен осындай тәжірибе енгізу қажет.///
Ия тәуелсіздік алғалы бұл ауданға келген алғашқы минстр. Бұл көптің аузынан шыққан сөз. ҚҰлақ шалып қалды. Айта кетейік облысқа табан тіреген минстр аймақтағы жергілікті бақ өкілдерімен де кездесті. Жамбыл телеарнасында өткен жиында облыстың БАҚ саласының бүгіні мен жоспары қозғалды.