ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА 50 КІТАП СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітап ісі еліміздегі идеологиялық жұмыстың басты бағыттарының бірі екенін ерекше атап өткен еді. Осыған орай, «KITAPAL» компаниясының еріктілері «Ауылға кітап» жобасы аясында Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы мектеп оқушыларының ой-өрісін және тұлғалық дамуына көмегін тигізетін 50 кітап сыйға тартты, – деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.
«KITAPAL» жобасы Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру мақсатында құрылған компания. Қазіргі уақытта 14 қалада дистрибьютер мен 7 қалада дүкендері ашылған. Жобаның басты мақсаты жастардың тұлға болып қалыптасуына ықпал ету және кітап арқылы рухани кемелдікке жол ашу. Ал жоба еріктілерінің бірі Сабина Манкеева аталмыш мектептің түлегі. Өз мектебінің оқушыларын кітап оқуға шақырып, кітаптың не үшін керектігін ашығынан түсіндірді.
- Ауылға кітап жобасы аясында дәл осы мектепке 50 кітап беруіміз тегіннен емес. Бұл менің өзім түлеп ұшқан мектебім. Осы мектептің әр оқушысы тұлғалық дамуды қолға алып, рухани кемелдену жолына түсуіне сәл болсада өз үлесімді қосықым келді. Бүгін біз осы сөреге 50 кітап қойдық. Бұл жерде ең таңдаулы заманауи 50 кітап жиналған, – дейді «KITAPAL» компаниясының еріктісі Сабина Манкеева
Меркі ауданында мектепке заманауи өзекті таақырыптар қамтылған 50 кітап сыйға тартылды. Оны «KITAPAL» компаниясының еріктілері «Ауылға кітап» жобасы аясында тапсырып отыр. Негізгі мақсат білім ордасында оқушылардың ой өрісін және тұлғалық дамуына көмегін тигізетін кітаптарды қол жетімді ету. Мектеп директоры жасалған қайырымды іске алғысын айтып, алдағы уақытта әкелінген кітаптарды оқушылардың алып оқулары үшін мектеп кітапхана сөрелеріне қоятындығын жеткізді.
- Бүгін мектебімізде республикалық «KITAPAL» компаниясының «Ауылға кітап» жобасы аясында міне мектебімізге волонтерлар келіп кітап сыйлап отыр. Бұл кітаптар оқушының жеке ой өрісінің дамуына, тұлғалық қалыптасыуына өзінің үлкен көмегі тигізеді деген сенімдемін, – дейді №44 жалпы орта білім беретін мектептің директоры Болатбек Қыстауов
Аталмыш жобаға қаражат «Мектеп оқушылары оқуы тиіс» акциясы аясында қазақ тіліндегі заманауи 50 кітап ауыл жанашырларының, еріктілердің қолдауымен алынды.