BASTY BETBİLİMJAŃALYQTARЕл

БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 100 ЖЫЛ

Биыл балалар әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына – 100 жыл толып отыр.  Оның «Менің атым – Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» сынды қазақ әдебиетіне қосқан тамаша туындыларын әлем таныды, – деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.

Бердібек Соқпақбаев қазақтың сөз өнеріне өзгеше өрнек алып келген қаламгер. Оның балалар мен жасөспірімдерге арналған әңгімелері, повестері жарық көрген. Ал кітаптары кітапхана мен дүкен сөрелерінде шаң басып жатқан емес. Ол өзі өмір сүрген мезгілдегі жерлестерінің тыныс-тіршілігін балаларға түсінікті тілде жеткізе білген мәдениет майталманы, деп еске алды кітапхана қызметкері.  

  • Өзіміздің балалық шағымыздың, ата-анамыздың балалық шағы көп естеліктер қалдырған жазушы деп ойлаймын. Бәріміз сол кісінің шығармаларын оқып өстік. Ол кісінің шығармаларында жақсылығы мен жамандығы айқын көрсетіледі. Балалық шаққа саяхат кітабында да осы, біраз балалықтың бақытын анық көрсеткен, – дейді Д.А.Қонаев атындағы ЖО балалар мен жасөспірімдер кітапханасы әдістеме бөлімінің меңгерушісі

«Менің атым – Қожа» десе, Бердібек Соқпақбаевтың есімі қатар жүреді. Тіпті бұл шығарманы оқымаған, фильмін көрмеген қазақ кемде-кем. Ал жақында облыстық қазақ драма театрының сахнасында «Менің атым Қожа» спектаклінің премьерасы өтеді. Оқиға желісі шамалы өзгергенмен, бұрыңғы ыстық естелікті сақтап қалуға тырыстық, – дейді, қоюшы-режиссер.

  • Бұл жерде мен айтқым келген, қосқым келген зат, былайша айтқанда – ностальгия. Сол жанр бойынша алып қараған кезде, біраз дүниелерді алып тастауға болады. Как монолог ретінде кетіп жатыр. Арасында сахналарда разбовление ретінде беріліп отыр. Жас әртістерді қолдау мақсатында, оларды ұсыну және өздері кішкене опыт алсын деген ниетпен қазір жас әртістермен жұмыс жасап жатырмын, дейді  А.Тоқпанов атындағы ЖО қазақ драма театрының қоюшы-режиссері Саламат Мырзатаев           

Қазақ руханиятына өшпес мұра қалдырған қаламгерді әлем мойындап, мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланып жатыр. Сондай-ақ жазушының туған ауылы Нарынқолда еңселі ескерткіш бой көтерді. Қаламгердің есімімен білім ошағы, облыстық кітапхана мен бірқатар саябақта аталмақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *