«МӘСЕЛЕНІ ШЕШУ ЖОЛЫН ҚАРАСТЫРУ ҚАЖЕТ!»
Аймақ басшысы тағы бір басқарма басшысына қатаң сөгіс жариялады.Бұл жолы әкімнің сынына Жамбыл облыстық табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасының басшысы ілінді. Бірақ, әкім алдына есеп беруге Мұратхан Шүкеевтің өзі келмеді. Орынбасары жұмыстар және алдағы жоспарларымен бөлісті.
–Шу ауданынан кәсіпкер суға балық жіберуі керек еді, бірақ анасы ауырып қалып, бүгінде Өзбекстан мемлекетінде анасын емдетіп жатыр…///
Әуелі бірнеше беттік баяндамасын әріптестеріне баяндады. 2025 жылы 3000 тонна балық өсіреміз дегенді статистиканы қуана айтты. Осы мақсатта түрлі жобаға миллиондар бөлінген көрінеді. Бірақ 34 тапсырманың тек 6-сы ғана орындалған. Оның себептерін де түсіндірді. Әйтсе де түсініксіз жазба және нәтижесіз жұмыс Нұржан Нұржігітовтің көңілін түсірді.
Нұржан НҰРЖІГІТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Енді облыстағы 142 балық шаруашылығы айдындарында толық жұмыс жүруі тиіс. Субсидияны алып, жеке бас мәселесімен жұмысын тоқтатқандарды жауапқа тарту, осының бәрін 1 апта ішінде шешіп беруін әкім басшыға міндеттеді.
Келесі сөз кезегін алған табиғи ресуртар басқармасы да осы іспетті сандық деректермен бөлісті. Сөзінше облыста қоқыс полигоны, оны сұрыптау мекемелері, контейнер мен контейнер алаңы, бәрі бар. Ал қалдық өңдеуде жоспардағы 15 пайыздың жеті айда тек 7 пайызы ғана орындалған.
Нұржан НҰРЖІГІТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
-Ауданның өз тұрғындары 100 пайыз келісім-шарқа отырмай, ақшасын төлемесе кездейсоқ қоқыс алаңдарынан біз ешқашан құтыла алмаймыз /// и басқармаға бәрібір… ///
Десе де Жамбылда 79 кездейсоқ қоқыс алаңдары тіркелген. Әзірге олардың 48-і жойылған. Бұл тұрғыда аудандарда жұмыс жоқ, дегенді баса айтты Нұржігітов.