ЖАСТАР ЖЕЛІГУДЕ
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, әлем халқының шамамен 3% есірткі пайдаланады. Соңғы жылдары нашақорлықтың таралуы өршіп тұр. Оларды пайдалану қазіргі қоғамның ең өзекі мәселелерінің бірі, әсіресе жастар арасында кең таралған. Ал, біздегі статистика қандай? Дәрігерлер нені ескертті?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша нашақорлықтың құрбаны болған 100 адамның тек үш-төртеуі ғана сауыға алады. Нашақорлар көбіне емделу үшін өз бетімен келмейді, оларды туыстары немесе полиция қызметкерлері әкеледі, – дейді Айнұр Ниязалиева. Есірткі заттарын тұтынушылардың орташа жасы 20-30 жас аралығында.
Айнұр НИЯЗӘЛИЕВА ДӘРІГЕР-НАРКОЛОГ
–Ағымдағы жылы наркологиялық диспансерде маскүнемдіктен зардап шегетін 5317 науқас есепте тұр. Оның 532-сі әйелдер, 8-і жасөспірім, 2-і кәмелетке толмағандар. Детке тәуелді аурулар саны – 2018-ді құрайды. Бір өкініштісі-олар күн сайын артып келеді.
Белгілі болғандай, есірткінің опиоидтық тобына тәуелділер жиі кездеседі – мысалы, героин. Сонымен қатар, қазір елімізде синтетикалық есірткінің барлық түрі кең таралған, қолжетімді десек те болады. Олар тәуелділікті өте жылдам тудырады, тіпті өлімге дейін әкеліп соғады.
Айнұр НИЯЗӘЛІЕВА ДӘРІГЕР-НАРКОЛОГ
Бұл тәуелділіктен құтылу өте қиын. Жастарымызға салауатты өмір салтын ұстануға кеңес бергім келеді. Спортпен шұғылданыңыз, өзіңізді көбірек жақсы көріңіз, алкоголь, темекі шегу сияқты зиянды заттарды қолданбаңыз. Сіздің өміріңіз өз қолыңызда! Абай болыңыз.
Айта кетейік, Қазақстандағы наркодиспансерлерде емдеудің үш негізгі әдісі қолданылады. Амбулаторлық емдеу, медициналық емдеу және оңалту.