JAŃALYQTAR

АЛҚАП БАСЫНДА ЖАҢА ТЕХНИКА

Агросаланы дамыту Президент Жолдауындағы басым бағыттардың бірі. Ауылшаруашылығы кәсіпкерлерін қолдау арқылы әуелі отандық өнім үлесін арттырмақпыз. Ол үшін мал және егін еккен шаруаларға мемлекет тарапынан үлкен қолдау қажет-ақ. Бұл бағытта Талас ауданында қандай ілкімді істер атқарылды? Саланы дамытудағы басымдық неге берілуде? Жасұлан Құрмағазы.

Мемлекет қолдауын пайдаға асырып, шаруалар өз жұмыстарын ширатуда. Солардың бірі «Асан» шаруақожалығы. Жалпы аудан бойынша өткен жылы агросаладағы өнім көлемі 100,5 пайызға артық орындалды. 484 млн теңгеге 96 дана арнайы егінге қажетті техникалар сатып алынған.

  • Хеурза НАДЫРОВ «АСАН» ШАРУАҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Техниканы алып, жерге егін ектік. Осы көлікпен қызмет істеп жүрміз. Біз бидай, арпа, мақсары егеміз.

Негізінен таластықтар жаз мезгілінде жүгері, жоңышқа және қарбызды көп егеді. Биыл  алқаптың 25 келісіне жүгері еккен Исақұл шаруқожалығы өнім ойдағыдай болды, енді келесі жылы алқапты 50 гектарға ұлғайтамын деп, отыр.

-Талғат ӘБДЕЛИЕВ «ИСАҚҰЛ» ШАРУАҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ТЕХНИКА МАМАНЫ

келесі жылы өкіметтен тағы жер алсақ дейміз. Мысалы, қазір 25 га жер болса, келер жылы 50 га жерге егін ексек дейміз. Биыл судан да тапшылық көрмедік, қуаныштымыз. Өткен жылы судан сіл тапшылық көрген едік.

Жаз бойы пейнеттеніп, күздік жиын-терімге көшкен қожалық осы уақытқа дейін техинка тапшылығын әбден көргендігін жеткізді. Тіптен, жер жыртуға қажетті көлікті Тараздан жалға алып келген. 2020 жылдан бастап, өзі туып-өскен Бостандық ауылындағы егістік басында жаңа құрылғылар көбейгеніне қуанышты. Өзі де 7 жылға жеңілдетілген төлеммен лизингкке техникасын түгендеуде.

Талғат ӘБДЕЛИЕВ «ИСАҚҰЛ» ШАРУАҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ТЕХНИКА МАМАНЫ

Техника алып жатыр ғой елдер. Соның пайдасы тиіп жатыр. Сол техниканың рқасында қолданыстан шыққан жерлер де игеріліп жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *