JAŃALYQTAR

5 АЙ ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘКІМНІҢ ЕСЕБІ

Бүгін Тұрар Рысқұлов ауданының  әкімі Ернар Есіркепов әлеуметтік даму көрсеткіші туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне  есеп берді. Аудандағы атқарылған істерін, тындырымды тірліктерін айтты.

Экономикалық өсімі жыл басынан бері  106,5 % құрап отыр. Жіктей кетсек,  2020 жылдан бері «Асар» жобасымен 30 мұқтаж отбасы баспаналы болған. Ағымдағы жылда  құрылысы жоспарланған  13 үйдің 9-ы пайдалануға берілді. Қазірде тұрғын үйдің кезегінде тұрғандар саны 1652 –ні құрап отыр.

 

Ернар ЕСІРКЕПОВ Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Халық тарапынан көтерілетін мәселелердің басым көпшілігі тұрмыстық жағдайлар. Елді мекендерді газбен қамтамасыз ету, свет су, жол деген сияқты қыруар қаржыны қажет ететін жобаларды ауданның іс- шаралар жоспарына еңгізіп, оны кезең- кезеңімен, рет-ретімен қаражаттың бөлу деңгейіне қарай жүзеге арттыратын боламыз. Жалпы осы аралықта азаматтарды қабылдау мәселесі де бізде бір жүйеге келтірілген. Аптасына бір рет азаматтардың жеке мәселелерімен қабылдауды жүзеге асырып отырамын. Осы бүгінгі күнге дейін жеке менің қабылдауымда 57 азамат болып, олардың басым көпшілігінің, яғни 90 пайызының мәселелері толығымен шешімін тапты.//

 

Сонымен қатар бүгінде өзекті мәселеге  айналған коммуналдық қызмет саласына сөз етті. Бүгінде аудандағы ауылдық елді мекендердің 30-ы немесе 71,4 % . 24 жаңа, 6 ескі ауыз су жүйелері  тұрғындар орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Алдағы уақытта атқарылар жұмыстарда жетерлік, атап айтар болсақ, адам саны 200 ден төмен 7 ауылға газ кірмеген.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *