BASTY BETJAŃALYQTAR

ҚОСТАНАЙҒА КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

Қиналғанда қол ұшын созу қазақтың қанына сіңген қасиет. Қостанайдағы жағдайға бей-жай қарамаған жамбылдықтар өрт болған  сәттен, жанын шүберекке түйіп, Сарыарқадағы ағайынға тілеулес болып отыр. Бүгін сондай-ақ Жамбыл облысынан үш бірдей жүк көлігі жолға шықты.

Жамбылдықтардан жалпы сомасы 21 миллион теңгені құрайтын көмек жиналған. Атап айтқанда, AMANAT партиясында қайырымдылық шаралар арқылы 7 млн 500 мың теңгеге 20 тонна азық-түлік, қажетті дәрі-дәрмек пен киім-кешек алынды. Бұдан өзге, 5 тонна 1-сұрыпты ұн, 2 тонна макарон өнімдері, 2,5 тонна картоп, 2,5 тонна сәбіз, 10 тонна қант зардап шеккен қастанайлықтарға арнап жиналды.

Дауыл БЕЙСЕНҚҰЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ

-Жалпы қарапайым азаматтардан кәсіпкерлерден сонымен қатар қазақстан халық ассамблеясы, «Тараз» футбол командасы барлығы жиналып көмек көрсету мақсатында азық-түлік ,киім-кешек сонымен қатар құрылыс материялдары оның ішінде 10 тонна гипс,10 тонна цемент сонымен қатар құрылыс жүргізуге арналған құрал саймандар артылған 3 жүк көлігі жолға шыққалы тұр.

Тағы да көмек қолын созамын деушілерге құлаққағыс!  Қоймалар азық-түлікке толып қалған, ендігіде аймақ халқына нағыз құрылыс материалдары қажет. Өрттің беті қайтты енді қауіп жоқ,  алдағы мақсат баспаналармен бүлінген нысандарды қайта қалыпқа келтіру.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *