BASTY BETJAŃALYQTAR

ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

5 Қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері және Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық форум өтті. Іс-шараға Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйытқы болды.

Тіл-баға жетпес құндылық, ұлт негізі, атадан-бабаға берілген қазына. Ол байлыққа бас болу-тікелей халыққа жүктелген. Әр заманда тіл жанашырлары болған. Солардың бірегейі және ең алғашқысы Ахмет Байтұрсынов. Ұлы тұлға қазақ тілінің дамуына сүбелі үлес қосқан нағыз тіл жанашырларының бірі. Сондықтан да бүгінгі іс-шараның Ахмет Байтұрсыновтың мерей тойына өтуі орынды.

Рахия ТҰРМАХАНБЕТОВА ЖО ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 Осы жерде тек қана тіл жанашырлары отыр. Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай ұлттың жоғалуына да өсуіне де сеп болатын-тіл. Оны сақтау, келешекке үйрету-біздің қолымызда//…тілдің жалауын көтеріп жүрген тіл жанашырлары отыр арамызда. Және ұрпақтан-ұрпаққа жіберетін жастарымыз отыр. Міне бүгінгі жиынның форматы осындай.

 Жиында марапаттау салтанатынан кейін әдеттегідей емес, нағыз тіл мүддесін қоғамда айтып, өз ортасында ана тілі үшін аянбай еңбек етіп жүрген жандар өзара ашық пікір алаңына шықты. Олардың қатарында түрлі сала мен БАҚ өкілдері, өзге ұлттар, жастар топ-топқа бөлініп, қайтсек, тіл болашағын баянды етеміз, деген сауалға, жауаптарын ұсынды.

Ерлан НҰРЛАНОВ ҰСТАЗ

-қазіргі таңда барлығымыз, әлеуметтік желіде отырамыз, түрлі сайттарды қарап, ватсаб, фейсбукпен байланыс жасаймыз. Сол жазған кезде, пікір қалдырған кезде Ахмет Байтұрсынұлы атамыз айтқандай қателік жібермей, таза жазып, сөйлессек, қазақ тілінің дамуына қосқан үлесіміз сол болар еді.

Мамандар тарапынан ұсыныстар мен мардымды мәселелер қаузалып қана қоймай. Оны нақты іске асырудың тетіктері айтылды. Ашық пікірден соң патриоттық әндер шырқалып, мерекелік көңіл-күй орнады.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *