BASTY BETJAŃALYQTARSportTARAZ 24 ONLINEАймақ

КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Бүгін аймақта көкпардан ересектер арасындағы республикалық турнир басталды. Додаға еліміздің барлық облыстарынан  үздік көкпаршылар жиылды.  «Рухани жаңғыру»  жобасы   аясында өтіп жатқан бәйге  көкпаршыларға мотивация әрі байланыс орнатуына нағыз мүмкіндік болмақ.

Жасұлан Құрманқазы тарқатсын.

Бекзат ШӘКІР «ӘУЛИЕ АТА»  ЖАСТАР КОМАНДАСЫНЫҢ ШАБУЫЛШЫСЫ

 Ойын жалпы керемет болды. Тартысқа толы болды.7-1 ұпайымен жеңдік Осы жарысқа 15 күндей дайындалдық. Бізді қолдаған Берік компаниясына және нұраудлет Момынов ағамызға үлкен рахмет.

Ия, көкпар десе делебесі қозататын халықпыз. Ұлттық спортымызды тамашалауға келген көрермендер қарасы қалың. Алғашқы болып жарыстың шымылдығын Жамбыл ауданынан Өрнек командасы мен Тұрар Рысқұловтан

келген Бірлес командасы бастады. Таласқа толы тартыста 0-4 есебімен  Бірлес командасы айқын жеңіске жетті. Ұлттық спортты келешек ұрпаққа аманат ету басты парызымыз дейді,- ұйымдастырушылар.

 Нұркен БАЙБУЛИЕВ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ ҰЛТТЫҚ АТ СПОРТЫНАН МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

-Бұл атадан мирас болып келе жатқан ұлттық құндылығымызды келешек ұрпаққа жалғастыру. Бұл барлығымыздың  мақсатымыз. Мынау жастар мен жасөспірімдерді атқа қондыру,қазіргі компютерлік заманда атқа қондырып, ұлттық құндылығымызды дамыту әрбір қазақ азаматының парызы.

 Айта кетейік, көкпар додасы әлі 2 күнге жалғаспақ. Жеңімпаз командалар  қомақты қаржылай сыйлыққа ие болады.  Сондай-ақ үздік шабандоздар  іріктеліп, ұлттық құрама сапына алынады. Ұйымдастырушылар бұл ауқымды бәйге ұлттық құндылықтардың ұмыт қалмауы мен рухани байланыс орнату негізінде өткізіліп отыр, дейді.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *