ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛПАУЫТ ЕЛДЕРМЕН БАЙЛАНЫСЫ БЕРІК
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның экономикалық делегациясын қабылдады. Қабылдаудың көздеген мүддесі қандай? Қазақстан мен Германия елі арасын не байланыстырады.
Кездесу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар алдағы уақытта қос тарап энергетика, өнеркәсіп, ауыл шарушалығы, логистика, білім және ғылым салаларында ынтымақтастық орнатпақ. Сондай-ақ Үкімет 800 әлеуетті инвестициялық жобадан құралған жобалар пулын дайындады. Қазір біздің елде неміс институттары мен зертханаларының өкілдіктерін ашу мәселесі талқылануда.
Германия – Қазақстанның Еуропа Одағындағы ең маңызды серіктесі. Қазақстанда Германия капиталының үлесі бар 600-ден астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр. Сауда-саттықты арттырып, инвестиция көлемін ұлғайту үшін зор әлеуеті бар
Неміс бизнесмендері Транспкаспий дәлізін дамытуға да өз үлесін қосуға ниет білдіруде. Айта кетейік, күні кеше Қасым-Жомарт Тоқаев бес мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Мемлекет басшысы шетелдік дипломаттарды қызметтеріне ресми кірісуімен құттықтап, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды одан әрі дамытуға дайын екенін мәлімдеді.
Қазақстан Вьетнаммен арадағы саяси диалогты және сауда-инвестициялық байланысты кеңейтуге мүдделі. Вьетнам Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары екіжақты серіктестіктің ұзақ мерзімді жан-жақты Жол картасын әзірлеуге мүмкіндік береді деп санаймын.
Ия, бұл дегеніміз біздің мемлекет тек көршілес елмен емес, жаһандық алпауыт мемлекеттермен де тығыз байланыста екенін білдіреді.