МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ
Ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің сапалы көрсетілу маңызды. Бұл турасында мемлекет басшысы бүгінгі жолдауында да ерекше атап өтті. Осы орайда Қордай ауданында бірнеше медициналық мекеменің бой көтеріп жатқандығына айта кету керек. Толығырақ бейнематериалда.
Қазірге таңда Қордай ауданында халқы саны шамамен 150мыңға жеткен. Азаматтар үшін ауданда орталық және 3 ауылдық аурухана жұмыс істейді. Ауданның бас дәрігердің сөзінше, тұрғындар үшін МӘМС арқылы медициналық қызмет алу тиімді. Бүгінгі күні бұл жүйеге 24 мыңға жуық адам қамтылған. Сақтандырылмаған мәртебесі-27 пайыздан жоғары. Дәрігелер жүйеге тіркелу арқылы көптеген медициналық көмек қолжетімді болатындығын айтады.
– Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша халықпен түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Көптеген азаматтар МӘМС жүйесінің не үшін қажет екенін білмейді. Бұл бүгінгі таңда өзекті мәселе. МӘМС бізге өз медицинамызды дамытуға мүмкіндік берді. Жаңа технологиялар пайда болды. Бүгінгі таңда медициналық көмек қол жетімді. 4 миллионға жуық адам тегін дәрі алады. Орфандық препараттар қымбат болды,-дейді Зәуреш Қадырбекова, Қордай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері
Айта кету керек, Қордай ауданында халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету үшін бірқатар жобалар қолға алынған. Олардың қатарында БЕРІКТАС фельдшерлік-акушерлік пункті бар. Құрылысы осы жылы аяқталады. Сондай-ақ, I ауысымда 200 адам қабылдайтын Сортөбе ауылының ауылдық емханасының құрылысы басталған.