ЖАҢА ТЕХНИКАНЫҢ ШАРАПАТЫ ТИЮДЕ
Қазір облыстың бірқатар ауданында күзгі дала жұмысы қызып тұр. Шаруалар астық орып, шөп шауып, бастыруды бастап кеткен. Мысалы Сарысу ауданына қарасты Түркістан ауылдық округінің диқандары егінге арналған 13 500 гектар жерді толық игеріп отыр деседі. Ауылдың жағдайы қалай? Биыл қамба астыққа тола ма? Толығырақ әріптесім Гүлнар Тайжан тарқатсын!
Сонау 1998 жылы тоқырауға ұшыраған кеншар бүгінде үлкен жетістіктерге жетуде. Оған себеп те жоқ емес. Мәселен былтырдың өзінде екі бірдей техника қолданысқа берілген. Енді шаруалар табысты еселейміз, деп отыр.
Былтыр қатты қуаңшылық болып, кей шаруалардың астығы орылмай, тіпті кәсібіне деп алған несиесін жаба алмай қалған екен. Ал биыл көптің тілеуінен болар, диханшылар көңілі көтеріңкі. Оған себеп қамбаның астыққа толуы. Сосын заманға сай техникалардың келуі. Қазір бір ғана ауылдық округте 4 дана астық комбайндары, 30-дан аса тракторлары іске жарауда.
Жанысбек АРЫСТАНБЕКОВ ТҮРКІСТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ М.А
Ең бірінші нәрсе ауыл шаруашылығы техникасы кеңес үкіметі кезіндегі ескі еді. Комбайн, трактор, т.б. Одан ескі техникамен естері жиналмайтынын білді. Соңғы 4-5 жылда біраз техника жаңаланды.
Ауылдық округте 75 шаруа қожалығы тіркелген. Оның 69-ы бүгінде тұрақты жұмыс істеп келеді. Ал 1998 жылы жұмысын бастаған «Мұрат» шаруа қожалығы биыл қоймасын жаңалады. Бұған дейін кеңес үкіметінен қалған орынды 25 жыл қолданған екен. Ендігі екеуіне 2 мың тонна астық сияды деп қуануда.
Есенқұл ДҮТБАЕВ «МҰРАТ» ШҚ ТӨРАҒАСЫ
Бұрынғысы ескі болғаннан кейін жаңасын салдық. Бұрынғысына үлкен техникалар кіре алмайтын. Енді бұл қоймалар да біразға жарайтын шығар.200га бидай, 200 арпа, 600-700 га мақсары еккенбіз…///
Иә, агро сала мамандарында жаңалық та, жаңалау да көп. Соның бірі автотаразы. Мұнда астықтың таза салмағы өлшенеді. Әуелі өнім тиелген жүк көлігінің жалпы салмағы анықталады. Кейін астықты қамбаға төккеннен соң көліктің жеке салмағы есептеледі. Сонда екеуінің айырмасынан дәнді-дақылдың таза салмағы шығады. Бұл ең бірінші уақытты үнемдеу.
Өркен ҚЫЛЫШБЕКОВ «КӨКЖОН» ШҚ ТӨРАҒАСЫ
Осы жердегі 4 ауылға көмек болсын деп әкелдік. Былтырғы жылы шамалы қиналып қалдық. Биыл жақсы шүкір. // Бізде ауылда тағы бір таразы бар, механикалық етін. Кейде істемей қалатын кезі болатын. Ал мынау электронды таразы бәрін дәл көрсетеді.
Таразы құны 16 млн теңге тұрады. Тұрғындар бұған дейін кеңес өкіметінен қалған ескі механикалық таразыны қолданып келген екен.