ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ
Шу ауданына қарасты Дінмұхаммед Қонаев ауылында үлкен қуаныш. Құрылысы былтыр шілде айынан бастау алған 180 орындық мәдениет үйі қолданысқа беріліп отыр. Айта кетейік, бұл мәдениет нысаны Мемлекет қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың 110 жылдығына орай салынып отыр.
Көркіне көз тоятын нысан құрылысына 350 млн теңге бөлінген. Сондай-ақ, 180 орындық мекеме кітапхана және би залдарымен қамтылған. Мәдениет үйінің ашылуында, жауапты басшылар ауыл тұрғындарын құттықтап, жаңа ғимараттың лентасын қиды.
Еркін ҮЙСІМБАЕВ. ЖО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ.
–Шу өңіріне келіп қалдық, сіздерді облыс әкімінің атынан құттықтауға рұқсат етіңіздер. Мына ауылда мәдениет ошағы ашылып, жақсы жақсылық болып жатыр.Өздеріңіз білесіздер былтырдан бері салынып жатқан ғимарат 15 қызметкері бар. Облыс бойынша салынып жатқан 4 объекттің бірі осы.Құтты болсын .
Еске салсақ, мәдениет үйінің құрылысы аудандық сәулет бөлімінің тапсырысымен былтыр шілдеде қолға алынған. Енді, жалпы көлемі 4444,45 шаршы метрді құрайтын ғимарат толықтай ел игілігінде.
Жүмахан ОСПАНОВ. ШУ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АУЫЛ ҚАРИЯСЫ.
Мынау әр елдің рухы тек қана мәдениетімен саналады. Мәдениет үйіміз ауылымыздың өркендеп өсетін жастарына бір рухани дауына негіз болатынына мен сенемін. Тек жақсылық болсын.
Мәдениет нысаны «Ауыл –ел бесігі» бағдарламасы бойынша бой көтерді. Ал, ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышы орындалды.