BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAMTARAZ 24 ONLINE kzАймақЕлКЕРЕКҚылмыс

ҮЙІНДЕ АСА ІРІ КӨЛЕМДЕ ЕСІРТКІ САҚТАҒАН ШУ ТҰРҒЫНЫ ҰСТАЛДЫ

Жамбыл облысында Шу қаласының 41 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз дайындады және сақтады деген  күдікке ілінді,-деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агентігі.

Ер адамның үйін және іргелес аумақтарды тінту кезінде есірткі қойылған бірнеше жасырын орындар анықталды.  

Сараптама нәтижелеріне сәйкес, табылған заттар салмағы 2 келіден асатын гашиш және 23 грамнан астам кептірілген марихуана болып шықты.

Күдікті есірткіні әйелі мен кәмелетке толмаған үш баласы бола тұра бірге тұратын үйлерінде сақтаған. Есірткіні өңдегеннен кейін қалған қалдықтарын жақын жерде кішкентай балалар ойнап жүргеніне қарамастан, бақшасында өртеп жіберген.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткіні аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *